"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығының 10 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шымкент қаласы бойынша 2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Ғ.Құрманбайға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 20 қыркүйегінен туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қала әкімі | Ғ.Әбдірахымов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 17 тамыз 2016 жылғы № 1765 қаулысымен бекітілген |
Шымкент қаласы бойынша 2015-2016 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы мерзімдері
№ | Дақыл түрі | Егістіктің оңтайлы мерзімдері | Ескертпе | |
басталуы | аяқталуы | |||
1 | Күздік бидай | 20.09.2015 | 20.11.2015 | Тәлімі және суармалы жер |
2 | Жоңышқа | 10.03.2016 | 10.04.2016 | Тәлімі және суармалы жер |
3 | Көкөніс | 10.03.2016 | 20.05.2016 | Суармалы жер |