Сайрам аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1. Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурызындағы № 29-183/V "Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйегіндегі № 22-141/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 21 сәуірде № 2615 тіркелген, 2014 жылдың 6 мамырдағы "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімі;
2. Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 37-239/V "Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 22-141/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда № 2907 тіркелген, 2014 жылдың 30 желтоқсандағы "Мәртөбе" және "Пульс Сайрама" газеттерінде жарияланған) шешімі.
Сессия төрағасы | М.Сиддиков |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ж.Сүлейменов |