Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 22-141/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 29-183/V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 сәуірде № 2615 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 7-46/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 21.09.2016 № 7-46/VI шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақсыздануына байланысты аз қамтылған отбасыларын қолдау мақсатында 2014 жылы қосымша әлеуметтік көмек көрсету үшін, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сайрам аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 қыркүйектегі № 22-141/V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2384 тіркелген, 2013 жылғы 1 қарашадағы "Мәртөбе" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
      мынадай мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында, ұлттық валюта курсының төмендеуі орын алған айдан бастап үш ай мерзімге отбасыға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсету. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап үш айға тағайындалады және ай сайын төленеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж.Сүлейменов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы С.Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады