1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің мына қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 271 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2688 болып тіркелген, "Сарыағаш" газетінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 79-82 (11411) нөмірінде жарияланған) қаулысы;
2) Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 96 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3096 болып тіркелген, "Сарыағаш" газетінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 15 (11460) нөмірінде жарияланған) қаулысы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қыстаубаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Парманов |