"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1119 қаулысына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 271 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2688 тіркелген, 2014 жылғы 13 маусымда "Сарыағаш" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының кіріспесіндегі "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Есбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Парманов |