1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Созақ ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күштері жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.
Аудан әкімі | М.Исаев |
Созақ ауданы әкімдігінің "2" маусым 2016 жылғы № 213 қаулысына қосымша |
Созақ ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 150 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2660 тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы "Созақ үні" газетінде жарияланған) қаулысы;2. Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 165 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 150 қаулысына өзгеріс енгізу туралы"(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3161 тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырдағы "Созақ үні" газетінде жарияланған) қаулысы.