"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 150 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 165 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 сәуірде № 3161 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 маусымдағы № 213 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 02.06.2016 № 213 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 150 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2660 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырда "Созақ үні" газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Аймұрзаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады