Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.01.2024 № 12 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 39-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 – бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
2. "Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 317 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4271 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 4 (17244) "Дидар", 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 4 (19756) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы "16" мамырдағы № 139 қаулысымен бекітілген |
"Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысы аумағында тіл саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және зандарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарманың, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индексі 070004, Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 121.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының миссиясы:
Қазақстан халқының ұлтық бірлігін нығайтудың факторы ретінде төзімді тілдік орта жасау.
14. Міндеттері:
1) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші қызметін кеңейту;
2) облыстағы тілдік әралуандықты сақтау.
15. Функциялары:
1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
4) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;
5) облыстық ономастикалық комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет құжаттарды, ақпарат пен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұрау және алу;
2) тілдерді дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін шарт негізінде ғалымдар мен мамандарды тарту;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына басшылықты Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма басшысы жүзеге асырады.
18. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының өкілеттігі:
1) құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзіреті шегінде Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық ұйымдар орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан шығады, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда "Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
6) бөлімдер туралы ережелерді бекітеді;
7) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды және мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
8) Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
10) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
"Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.