"Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 мамырдағы N 146 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 39-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 – бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 237 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4165 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 10 қарашадағы № 129 (19731) "Дидар", 2015 жылғы 9 қарашадағы № 132 (17218) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.
      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
"19" мамырдағы № 146
қаулысымен бекітілген

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі индустриялық-инновациялық қызметті, өнеркәсіптік әлеуетті, жеке кәсіпкерлікті және сауданы дамытуды мемлекеттік қолдау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.
      8. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индексі 070019, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Максим Горький көшесі, 40.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру Шығыс Қазақстан облысы бюджетінен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Шығыс Қазақстан облысының жеке кәсіпкерлігін, саудасын, индустриялық-инновациялық қызметін, өнеркәсібін қолдау және дамыту, инвестициялық климатын жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін жағдай жасау.
      14. Міндеттері:
      1) қолданыстағы заңнамада белгіленген шекте жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі, индустриялық-инновациялық дамыту, өнеркәсіп, сауда саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) экономиканың басым секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;
      2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;
      3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      5) сараптама кеңесінің қызметін ұйымдастырады;
      6) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;
      7) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты Шығыс Қазақстан облысы аумағында қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      8) өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлікті қолдау картасын әзірлейді;
      9) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылым элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсетеді;
      10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде ұйымдардың сатып алуындағы жергілікті қамту жөнінде ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға береді;
      11) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылуы туралы ақпарат береді;
      12) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталумен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысады;
      13) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысады;
      14) құрамында кең таралған пайдалы қазбалар бар, тендерге немесе аукционға шығаруға жататын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      15) Шығыс Қазақстан облысы аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асырады, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу мақсатында құзыретті органға тоқсан сайын ұсынылады;
      16) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындайды және ұйымдастырады;
      17) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттардың талаптары туралы келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындайды;
      18) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
      19) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасады, тіркейді және сақтайды;
      20) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 37-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру жөнінде ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркейді;
      21) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат береді;
      22) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат береді;
      23) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданысының тоқтатылуын қамтамасыз етеді;
      24) жер қойнауын пайдаланумен байланысты, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдеседі;
      25) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      26) кең таралған пайдалы қазбалар және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады;
      27) техногендік минералдық түзілімдерді пайдалануға арналған шартты жасасу жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізуді қамтамасыз етеді;
      28) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      29) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
      30) Шығыс Қазақстан облысы аумағында сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;
      31) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;
      32) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;
      33) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;
      34) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      35) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет құжаттарды, ақпарат пен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұрау және алу;
      2) басымдықтарды, тұжырымдамаларды, нормативтік материалдарды, мақсатты бағдарламаларды, талдау шолулары мен болжамдарды әзірлеуге қатысу үшін қажетті жағдайларда ғылыми қызметкерлер мен мамандарды тарту;
      3) облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша облыстық коммуналдық мүлік құрамындағы акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шығыс Қазақстан облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамаға сәйкес "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      3) "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды;
      4) "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан шығады, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
      7) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
      24. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

Об утверждении положения государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 19 мая 2016 года № 146

       Примечание РЦПИ.
       В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 27 и статьей 39 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 7) статьи 17, статьей 164 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемое положение государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области".
      2. Признать утратившим силу постановление Восточно-Казахстанского областного акимата "Об утверждении положения государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" от 14 сентября 2015 года № 237 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4165, опубликованное в газетах "Дидар" от 10 ноября 2015 года № 129 (19731), "Рудный Алтай" от 9 ноября 2015 года № 132 (17218).
      3. Настоящее постановление вступает в законную силу со дня подписания и подлежит официальному опубликованию.
      Аким Восточно – Казахстанской области Д. Ахметов

  Утверждено постановлением
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от "19" мая 2016 года
№ 146

Положение государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сферах государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности, развития промышленного потенциала, частного предпринимательства и торговли.
      2. Государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.
      3. Государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.
      4. Государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.
      5. Государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.
      6. Государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами руководителя государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области".
      7. Структура и лимит штатной численности государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" утверждаются Восточно-Казахстанским областным акиматом в соответствии с действующим законодательством.
      8. Местонахождение государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области": индекс 070019, Республика Казахстан, Восточно-Казахстанская область, город Усть-Каменогорск, улица Максима Горького, 40.
      9. Полное наименование государственного органа - государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области".
      10. Настоящее Положение является учредительным документом государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области".
      11. Финансирование деятельности государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" осуществляется из бюджета Восточно-Казахстанской области.
      12. Государственному учреждению "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области".
      Если государственному учреждению "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности государственного органа

      13. Миссия государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области":
      создание условий для эффективной реализации государственной политики по поддержке и развитию частного предпринимательства, торговли, индустриально-инновационной деятельности, промышленности и улучшению инвестиционного климата Восточно-Казахстанской области.
      14. Задачи:
      1) реализация государственной политики по поддержке и развитию частного предпринимательства, в области индустриально-инновационного развития, промышленности, торговли, в пределах, установленных действующим законодательством;
      2) обеспечение эффективного взаимодействия государства и бизнеса в процессе развития приоритетных секторов экономики.
      15. Функции:
      1) осуществляет реализацию государственной политики поддержки и развития частного предпринимательства;
      2) создает условия для развития частного предпринимательства;
      3) обеспечивает создание и развитие в регионе объектов инфраструктуры поддержки малого и среднего предпринимательства и инновационной деятельности;
      4) вносит предложения по определению стратегии развития взаимоотношений местных исполнительных органов с объединениями субъектов частного предпринимательства, Национальной палатой и объектами рыночной инфраструктуры;
      5) организует деятельность экспертного совета;
      6) обеспечивает государственную поддержку частного предпринимательства на местном уровне;
      7) участвует в формировании и реализации государственной политики в сфере государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности на территории Восточно-Казахстанской области;
      8) разрабатывает карту поддержки предпринимательства Восточно-Казахстанской области с участием региональной палаты предпринимателей;
      9) оказывает методическую, консультационную, практическую и иную помощь элементам индустриально-инновационной инфраструктуры, субъектам индустриально-инновационной системы, осуществляющим государственную поддержку индустриально-инновационной деятельности;
      10) осуществляет сбор, анализ и предоставляет в уполномоченный орган в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности информацию по местному содержанию в закупках организаций согласно перечню, утвержденному Правительством Республики Казахстан, по форме и в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан;
      11) предоставляет в уполномоченный орган в области государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности информацию о реализации мер государственной поддержки индустриально-инновационной деятельности;
      12) принимает участие в переговорах с недропользователем для решения вопросов, связанных с соблюдением социально-экономических и экологических интересов населения региона при заключении контракта;
      13) принимает участие в осуществлении мониторинга исполнения контрактных обязательств недропользователями в части местного содержания в товарах, работах, услугах, кадрах и социального развития территорий, в том числе через реестр товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей;
      14) вносит предложения по утверждению перечня участков недр, содержащих общераспространенные полезные ископаемые, подлежащих выставлению на тендер или аукцион;
      15) осуществляет формирование перечня товаров, работ и услуг, производимых на территории Восточно-Казахстанской области, и их производителей, который ежеквартально представляется в компетентный орган в целях формирования и ведения реестра товаров, работ и услуг, используемых при проведении операций по недропользованию, и их производителей;
      16) подготавливает и организует конкурсы для предоставления права недропользования на проведение разведки или добычи общераспространенных полезных ископаемых;
      17) ведет переговоры с недропользователем об условиях контрактов и подготавливает совместно с недропользователем проектные документы на разведку или добычу общераспространенных полезных ископаемых и строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой или добычей;
      18) организует проведение экспертизы проектных документов по общераспространенным полезным ископаемым, на строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой или добычей, за исключением экспертизы проектно-сметной документации на проведение работ по государственному геологическому изучению недр;
      19) заключает, регистрирует и хранит контракты на разведку, добычу общераспространенных полезных ископаемых и строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой или добычей;
      20) вносит предложения по выдаче разрешения на передачу права недропользования в соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании", а также регистрирует сделки по передаче права недропользования в залог по общераспространенным полезным ископаемым;
      21) выдает разрешение на право недропользования при строительстве (реконструкции) и ремонте автомобильных дорог общего пользования, железных дорог и гидросооружений;
      22) выдает разрешение на застройку площадей залегания полезных ископаемых, а также размещение в местах их залегания подземных сооружений;
      23) обеспечивает исполнение и прекращение действия контрактов на разведку или добычу общераспространенных полезных ископаемых и строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой или добычей;
      24) содействует сохранению объектов, связанных с недропользованием, имеющих экологическое, научное, историко-культурное и рекреационное значение;
      25) вносит предложения по принятию решений о возобновлении действия контрактов на разведку и добычу общераспространенных полезных ископаемых и строительство и (или) эксплуатацию подземных сооружений, не связанных с разведкой или добычей;
      26) осуществляет мониторинг и контроль за исполнением контрактных обязательств по общераспространенным полезным ископаемым и строительству и (или) эксплуатации подземных сооружений, не связанных с разведкой или добычей;
      27) обеспечивает проведение прямых переговоров по заключению договора на использование техногенных минеральных образований;
      28) обеспечивает проведение торговой политики;
      29) осуществляет в пределах своей компетенции регулирование деятельности субъектов торговой деятельности;
      30) разрабатывает меры по созданию условий, благоприятствующих торговой деятельности на территории Восточно-Казахстанской области;
      31) разрабатывает предложения по минимальным нормативам обеспеченности населения торговой площадью;
      32) разрабатывает и реализует меры по достижению минимального норматива обеспеченности населения торговой площадью;
      33) осуществляет организацию выставок и ярмарок;
      34) осуществляет в пределах своей компетенции государственный контроль за соблюдением размера предельно допустимых розничных цен на социально значимые продовольственные товары;
      35) осуществляет в интересах местного государственного управления иные полномочия, возлагаемые на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.
      16. Права и обязанности:
      1) запрашивать и получать от государственных органов и организаций необходимые документы, информацию и материалы, для осуществления возложенных на него функций в объеме, предусмотренном действующим законодательством Республики Казахстан;
      2) привлекать в необходимых случаях научных работников и специалистов для участия в разработке приоритетов, концепций, нормативных материалов, целевых программ, аналитических обзоров и прогнозов;
      3) по решению местного исполнительного органа области осуществлять права владения и пользования государственным пакетом акций акционерных обществ и долями участия в товариществах с ограниченной ответственностью, находящихся в составе областного коммунального имущества;
      4) осуществлять иные права и обязанности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности государственного органа

      17. Руководство государственным учреждением "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" осуществляется первым руководителем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" задач и осуществление им своих функций.
      18. Первый руководитель государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" назначается на должность и освобождается от должности акимом Восточно-Казахстанской области.
      19. Первый руководитель государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      20. Полномочия первого руководителя государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области":
      1) в соответствии с законодательством назначает на должности и освобождает от должностей работников государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области";
      2) в установленном законодательством порядке поощряет и налагает дисциплинарные взыскания на работников государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области";
      3) подписывает приказы государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области";
      4) утверждает положения о структурных подразделениях государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области", должностные инструкции работников государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области";
      5) представляет государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" в государственных органах и иных организациях, выдает доверенности на представление интересов государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" в судебных, правоохранительных и иных государственных органах;
      6) принимает необходимые меры по противодействию коррупции и несет за это персональную ответственность;
      7) обеспечивает равный доступ мужчин и женщин к государственной службе в соответствии с их опытом, способностями и профессиональной подготовкой;
      8) осуществляет иные полномочия в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      Исполнение полномочий первого руководителя государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.
      21. Первый руководитель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

4. Имущество государственного органа

      22. Государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.
      Имущество государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      23. Имущество, закрепленное за государственным учреждением "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области", относится к коммунальной собственности Восточно-Казахстанской области.
      24. Государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования.

5. Реорганизация и упразднение государственного органа

      25. Реорганизация и упразднение государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области" осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Перечень организаций, находящихся в ведении государственного учреждения "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Восточно-Казахстанской области"

      Акционерное общество "Национальная компания "Социально-предпринимательская корпорация "Ертіс".