Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27- бабына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2015 жылға Семей қаласының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 сәуірде № 3908 тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырдағы № 39 "Семей таңы", 2015 жылғы 19 мамырдағы № 39 "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) 2015 жылғы 27 наурыздағы № 406 қаулының күші жойылды деп танылсын.
2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А. Құрманғалиев) қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.
Қала әкімі | Е. Сәлімов |