Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 - бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 - бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қалалық мәслихатының шешімдері күші жойылған болып есептелсін:
1) 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 26/17-V "Риддер қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (2014 жылғы 23 маусымдағы № 23 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған, 2014 жылғы 27 мамырдағы № 3363 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген);
2) 2015 жылғы 14 маусымдағы № 36/10-V "Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 26/17-V "Риддер қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгіу туралы" (2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 38 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған, 2015 жылғы 07 тамыздағы № 4088 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген).
2. Аталған шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы | С. КАРИМОВ |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. ПАНЧЕНКО |