РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 26/17-V "Риддер қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 3363 тiркелген, "Лениногорская правда" газетінінің 2014 жылғы 06 маусымдағы № 23 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген Риддер қалалық мәслихатының регламентіне:
7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
|
| ||
|
|