Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабы 1 тармағына, 21-1 бабына сәйкес Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Риддер қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Риддер қаласы әкімінің міндетін атқарушы | Д. Дүйсембаев |
2016 ж. "15" наурыздағы №154 әкімдіктің қаулысына қосымша |
Риддер қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. "Риддер қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Риддер қаласы әкімдігі 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 419 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 мамырда 3945 нөмірімен тіркелді, 2015 жылғы 29 мамырда № 22 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған);2. "Риддер қаласының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" 2015 жылғы 12 маусымдағы № 678 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 шілдеде 4042 нөмірімен тіркелді, 2015 жылғы 07 тамызда №32 "Лениногорская правда газетінде" жарияланған).