Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.Күші жойылды деп танылсын:
1) "Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 20/7-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3350 болып тіркелген, 2014 жылғы 23-31 мамырдағы № 18 "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі;
2) "Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 20/7-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 маусымдағы № 29/7-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4091 болып тіркелген, 2015 жылғы 24-31 тамыздағы № 32 "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Қ. Нұғымаров |
Мәслихат хатшысы | Е. Лдибаев |