"Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 20/7-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 13 шілдедегі № 29/7-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 тамызда № 4091 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 3/9-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 17.06.2016 № 3/9-VI шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43, 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі 20/7-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3350 болып тіркелген, 2014 жылғы 23-31 мамырында № 18 "Абай елі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Абай аудандық мәслихатының регламентінде:
       7 тармақ жана редакцияда жазылсын:
      "7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы А. Белібаев
      Абай аудандық
      мәслихатының хатшысы Т. Аманғазы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады