Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы № 07-14/117 ұсынымы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақысын көтеру бекітілген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 256 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 қарашада № 3561 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Лазуринге жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Г.Акулов |