Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Глубокое аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
"Глубокое аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3467 болып тіркелген, 2014 жылы 16 қыркүйекте "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде, 2014 жылы 22 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
"Глубокое аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 20 қазандағы № 40/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4224 болып тіркелген, 2015 жылы 3 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылы 4 желтоқсанда "Ақ бұлақ" газетінде, 2015 жылы 8 желтоқсанда "Огни Прииртышья" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Қадырбаев |
Глубокое аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Баймульдинов |