Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зырян ауданының мәслихатының кейбір шешімдерінің күші қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілідеі.
Сессия төрайымы | Р. Карагужина |
Зырян ауданының | |
мәслихат хатшысы | Л. Гречушникова |
Зырян ауданының мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы № 7/6 - VI шешіміне қосымша |
Зырян ауданының мәслихатының кейбір күшін жойған шешімдерінің тізімі
1. "Зырян ауданының мәслихатының регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 29/6-V Зырян ауданының мәслихат шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3264 тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы № 17 "Көктас таңы", 2014 жылғы 1 мамырдағы № 17 "Пульс! Зыряновска" газеттерінде жарияланған).2. "Зырян ауданының мәслихатының регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 31 наурыздағы № 29/6-V Зырян ауданының мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 17 шілдедегі № 45/4-V Зырян ауданының мәслихат шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4102 тіркелген, 2015 жылғы 20 тамыздағы № 34 "Менің өлкем", 2015 жылғы 20 тамыздағы № 34 "Мой город Зыряновск" газеттерінде жарияланған).