Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39 - бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Зырян ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Зырян ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 39 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3705 нөмірімен тіркелген, "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 12 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Зырян ауданының әкімі | А. Кәрімов |
Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 159 қаулысымен бекітілді |
"Зырян ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы бөлім
1. "Зырян ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Зырян ауданы аймағында ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асырады.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және басқа да заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық нысандардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Бөлім өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070800, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Совет көшесі, 18.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Зырян ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру Зырян ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. Бөлімнің кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. Бөлімнің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Бөлімнің миссиясы: Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылық пен халықтар бірлігін сақтауға бағытталған мемлекет саясатын жүзеге асыру, мемлекеттілікті бекіту, ауданның ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарын, мәдениет және тілдерді қолдау және дамыту.15. Бөлімнің міндеттері:
1) ішкі саясат тұрақтылығын қамтамасыз ету;
2) ауданның жергілікті атқару органдарының жұмысын үйлестіру, сондай-ақ ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауының, мемлекеттік ішкі саясатының басымдылығын, 2050 жылға дейінгі Қазақстанды дамыту Стратегиясының негізгі қағидаларын насихаттау бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру кешенін өткізуді ұйымдастыру;
3) саяси партиялармен, қоғамдық-саяси ұйымдарымен және діни конфессиялармен, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктермен, мамандандырылған одақтармен, ұлттық мәдени орталықтармен сындарлы әрекеттесуді бекіту;
4) мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері және бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
5) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін өркендетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған шараларды қабылдау;
6) мәдениет саласында конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге насихаттауға немесе үгіттеуге, Қазақстан Республикасының бүтіндігін бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін бұзуға,соғыстың болуына, әлеуметтік, нәсілдік, діни, сословиелік және рушылдық үстемдікке, сондай-ақ қатігездік пен күштеуге жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
7) Зырян ауданының барлық азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруі үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлар жасау;
8) ана тілін сақтау мен дамыту үшін қазақ диаспорасына көмек көрсету.
16. Бөлімнің қызметі:
1) мемлекеттік ақпараттық саясатты ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырады;
2) Зырян ауданы аймағында мемлекеттік ақпараттық саясатты өткізу бойынша мемлекеттік сұранымды жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының бекітілген заңнамасына сәйкес құрады, орналастырады және бақылайды;
3) Зырян ауданындағы бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
4) аудандағы діни жағдайды оқып білуді және талдауды жүргізеді;
5) Қазақстан Республикасының діни іс-әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру бойынша дін іс-әрекеттері саласындағы құзырлы органдарға ұсыныстар жасайды;
6) жергілікті деңгейде өз құзырына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
7) мемлекеттік әлеуметтік сұраныстарды орындайтын мемлекеттік емес органдарға ақпараттық, кеңестік, әдістемелік қолдау көрсетеді;
8) Зырян ауданы аймағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің пайдалануына (бекітілуіне, орналастырылуына) бақылау жасайды;
9) тарихи ескерткіштерді, жергілікті жерде маңызы бар материалдық және рухани мәдениетті есепке алу, қорғау және пайдалану бойынша жұмысты ұйымдастырады;
10) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және сайыстар өткізуді жүзеге асыру;
11) ауданның мәдени мақсаттағы нысандарының құрылысы, қайта құрылуы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
Бөлім:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсынуға;
2) Бөлім құзыреті шеңберіндегі мәселелерді бірлесіп қарастыруға және атқару үшін ауданның жергілікті атқару органдарының бөлімдері қызметкерлерін еліктіруге;
3) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орнатылған тәртіппен кеңес өткізуге;
4) өз қызметін атқару үшін қажетті ақпаратты азаматтардан, ұйымдардан және оның басшыларынан, өзге мемлекеттік органдардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған құзыреті шеңберінде сұрауға құқылы.
Бөлім:
1) Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктеме беруге;
2) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпаратты және материалдарды ұсынуға;
3) Бөлім құзыретіне кіретін өзге міндеттерді орындауға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындауына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. Бөлім басшысын Зырян ауданының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Бөлім басшысының өкілеттілігі:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
2) заңнамамен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
3) өз құзіреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
4) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда Бөлім мүддесін қорғайды;
6) Зырян ауданы әкімдігі қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде Бөлімнің штат кестесін бекітеді;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін жеке жауапкершілік алады;
8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бола алады.Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.Мемлекеттік органға қарасты ұйымдардың тізбесі
1. Зырян ауданы әкімдігінің "Жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.2. Зырян ауданы әкімдігінің "Бос уақыт" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. "Зырян ауданынының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
4. Зырян ауданы әкімдігінің "Достық үйі" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны.
5. Зырян ауданы әкімдігінің "Горняк" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны
6. Зырян ауданы әкімдігінің "Центр развития языков " мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорны