Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қарашадағы "2016 жылға Күршім ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" № 354 (Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 4278 болып тіркелген, 2016 жылы 23 қаңтарда аудандық "Рауан" - "Заря" газеттерінің 4 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.Умутбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданы | |
әкімінің міндетін уақытша атқарушы | М.Қалелов |