Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 наурыздағы "Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасы Президентіне үміткерлердің үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы" № 42 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3757 болып тіркелген, аудандық "Жұлдыз" - "Новая жизнь" газетінің 2015 жылғы 29 наурыздағы № 24-25 (8724) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі | Р. Сагандыков |