Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін бекіту туралы" №77 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілінде № 3943 болып тіркелген, аудандық "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінің 2015 жылғы 28 маусымдағы №51 (8745) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Аудан әкімі | Р.Сагандыков |