"Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 08 cәуірдегі № 77 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 14 мамырда № 3943 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 мамырдағы № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 06.05.2016 № 132 қаулысымен (ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Р.Сагандыков

  Көкпекті ауданы әкімдігінің
2015 жылғы 08 сәуір
№ 77 қаулысымен бекітілді

"Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, Көкпекті ауданы аумағында ауыл шаруашылығы саласына басшылықты жүзеге асырады.
      2. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      4. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071000, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Аухадиев көшесі, 42.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Көкпекті ауданының жергілікті атқару органы тұрғысында мемлекет болып табылады.
      12. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Көкпекті ауданының жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      14. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Көкпекті ауданының аумағында ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз ету.
      16. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) ауылда экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын орындауды ұйымдастыру мен іске асыру және осының негізінде аграрлық сектордың әлеуетін, оның даму үрдісін анықтау;
      2) нарықтық инфрақұрылымды, нарық түріндегі ұйымдастыру құрылымын қалыптастыруға көмек көрсету, бірыңғай қаржы-инвестициялық саясат пен есепті жүргізу;
      3) жеке меншік негізінде ауылда әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық шаруашылық жүргізу нысандарының дамуы мен қалыптасуына көмек көрсету.
      4) ғылыми - техникалық үдерістің негізгі бағыттарын анықтайды және оларды іске асыру жолдары мен тәсілдерін, ғылым мен техника жетістіктерін насихаттауды енгізуге көмек көрсету;
      17. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) агроөнеркәсіп кешені субъектілерін осы Заңға және осы саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
      2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
      3) ауылдық аумақтарды дамыту мониторингін дайындау және жүргізу;
      4) Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына ұсыну үшін, агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтар саласындағы оперативтік ақпараттарды жинауды жүргізеді;
      5) "Агроөнеркәсіп кешенінің үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу;
      6) Көкпекті ауданында азық-түлік тауарларының қорын есепке алуды жүргізу және Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органына есептілікті ұсыну;
      7) Көкпекті ауданы аумағында кәсіпкерлік қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасайды;
      8) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;
      9) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастырады;
      10) бәсекеге қабілетті тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің отандық өндірісін дамыту үшін жағдай жасайды;
      11) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағалары мөлшерiнiң сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасын жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттерді жүзеге асырады;
      18. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан басшыларына қарауға ұсыныс енгізу;
      2) Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп атқару үшін ауданның өзге жергілікті атқарушы органдары бөлімдерінің қызметшілерін қатыстыру;
      3) "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңес өткізуге бастамашылық ету;
      4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
      5) "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беру;
      6) жеке және заңды тұлғалардың ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпаратты ұсыну;
      7) "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.
      20. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Көкпекті ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары бар, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
      22. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін көтермелеуді және тәртіптік жазаға тартуды жүзеге асырады;
      3) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
      4) "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      5) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      6) Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штат кестесін бекітеді;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қажетті шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
      8) ерлер мен әйелдердің олардың тәжірибелеріне, мүмкіндіктеріне және кәсіби дайындықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
      "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада және осы Ережеде өзгеше көзделмесе, "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады