Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8- тармағына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. " 2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру және Тарбағатай ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 554 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3637 тіркелген, аудандық "Тарбағатай" газетінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 14 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Мауадиновқа жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы | С. Жақаев |