Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ;
1.Тарбағатай аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Тарбағатай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" 27.03.2014 жылғы №19-6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3293 тіркелген);
2) "Тарбағатай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 21.07.2015 жылғы № 28-7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4072 тіркелген).
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Ж. Мұхамадиева |
Тарбағатай аудандық | |
мәслихатының хатшысы | С. Жақаев |