РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңынының 10 бабының 2-тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1 бабының 1-тармағына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1."Тарбағатай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 19-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3293, Тарбағатай газетінің 2014 жылғы 16 маусымда № 48-49 жарияланған) мынандай өзгеріс енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген Тарбағатай аудандық мәслихатының регламентінде:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"7.Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді".
2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А.Құсайынова |
Тарбағатай аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | М.Мағжаев |