Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ұлан аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 42 хаты негізінде, Айыртау ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 3 "Ұлан ауданының Айыртау ауылдық округінің Новая Канайка ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4316 нөмірімен 2016 жылғы 08 қаңтарда тіркелген, аудандық "Ұлан таңы" газетінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 4 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Округ әкімі | С. Калелова |