Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10.1 бабының 8-тармағына сәйкес және Ұлан ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санирарлық инспекторының 2016 жылғы 16 ақпандағы № 74 ұсынысы негізінде,Тарғын ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданы Тарғын ауылдық округінің Тарғын ауылында мүйізді ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауыруына сауықтыру іс-шараларының аяқталуына байланысты, шектеу іс-шаралары алынсын.
2. "Тарғын ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы 16 мамырдағы "Ұлан ауданының Тарғын ауылдық округінің Тарғын ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3379 нөмірімен 2014 жылғы 17 маусымда тіркелген, аудандық "Ұлан таңы" газетінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 56 санында жарияланған) № 2 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Округ әкімі | Н. Актанов |