Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 09 тамыздағы № 303 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 29 тамызда 3052 нөмірімен тіркелген, "Уба-Информ" газетінің 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 37 санында жарияланған).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары В.В. Лисинаға жүктелсін.
Шемонаиха ауданының әкімі | А. Тоқтаров |