РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектердi жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Шемонаиха ауданы әкімдігінің 02.04.2014 N 94 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайыз мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары О.А.Булавкинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Шемонаиха ауданының әкімі | А.Тоқтаров |