Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 54 "Аудандық коммуналдық мүлік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезіндегі жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін анықтау туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 20 наурыздағы № 3769 тіркелген, "ЛЗ-Сегодня" газетінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 16 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары Д.А.Горьковойға жүктелсін.
Шемонаиха ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Горьковой |