Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шемонаиха ауданы әкімдігінің "Жоғары лауазымдық жалақылары белгіленген ауылдық жерлердегі жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2008 жылғы 16 маусымдағы № 170 қаулыға толықтыру енгізу туралы" 2008 жылғы 25 қарашадағы № 300 қаулысының (2008 жылғы 25 желтоқсанда "Уба-Информ" газетінің № 51 санында жарияланған, Құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 5-19-85 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Шемонаиха ауданы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Горьковой |