"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, № 2 кіреберіс.";
17) және 18) тармақшалар алып тасталсын;
85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"85) Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын және тексеру парақтарын әзірлеу және бекіту;";
14-тармақта:
90) және 91) тармақшалар алып тасталсын;
Комитеттің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. "Селден қорғау құрылыс" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 55) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 55) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 55) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті туралы ережеде:
14-тармақтың 56) тармақшасы алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (В.Р. Беккер) жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |