Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 22.10.2021 № 326 бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 329 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 594 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 146 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету саласындағы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Комитеттің функциялары:
1) тиісті салаларда нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуды, оның халықаралық беделiн нығайтуды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру, республикалық терминологиялық және ономастикалық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;
4) орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
5) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру;
6) тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзу;
7) тілдерді дамыту саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтің ақпараттық, әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
8) мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылдарды жүзеге асыру;
9) қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
10) этносаралық келiсiмдi нығайтуға, тілдерді дамытуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де iс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткiзу;
11) ономастикалық комиссиясының жұмысын үйлестіру;
12) Қазақстан халқы Ассамблеясымен және өзге де ұйымдармен Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
13) Мемлекеттік рәміздер және ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
14) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiндiру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
15) Комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттау iс-шараларын жүзеге асыру;
16) Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге қатысу;
17) Тiлдер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды жасау;
18) Комитетке қарасты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;
19) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Төрағаның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екі орынбасары болады.";
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
2-тармақ алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің интернет-ресурстарында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |