Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 25.02.2021 № 01-670 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 06-2504 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:
3-тармақша алынып тасталсын.
2. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөліміне "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін осы қаулының көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберу, сонымен қатар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.О. Жакеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Астана қаласының әкімі | Б. Сұлтанов |