Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 01-670 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың:

      1) "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 06-2504 қаулысының (2017 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған);

      2) "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 06-2504 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 06-1767 қаулысының (2018 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік-құқықтық бөліміне осы қаулының көшірмесін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін баспа және электрондық түрде жолдау және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Р.Е. Исақұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
      "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Р. Исақұлов
      "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы
Ж. Шәукентаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады