"Астана қаласы "Байқоңыр" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 06-438 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына, "Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында "Байқоңыр" ауданын құру туралы" бірлескен Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 06-354 қаулысына және Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 235/28-VI шешіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласы "Байқоңыр" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. "Астана қаласының Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджетте мекемені тиісті қаржы жылында қаржыландыруды қарастырсын.

      4. "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулының әділет органында мемлекеттік тіркелуін, осы қаулының көшірмесін баспа және электронды түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.О. Жакеновке жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 15 наурыздағы
№ 06-438 қаулысы
қосымша

"Астана қаласы "Байқоңыр" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Астана қаласы "Байқоңыр" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – аппарат) Астана қаласы "Байқоңыр" ауданының (бұдан әрі – "Байқоңыр" ауданы) аумағында мемлекеттік басқару саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Аппараттың ведомстволары жоқ.

      3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Аппарат егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Астана қаласы "Байқоңыр" ауданы әкімінің (бұдан әрі – аудан әкімі) өкімімен және шешімімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Аппараттың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Аппараттың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Аппараттың толық атауы – "Астана қаласы "Байқоңыр" ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Аппараттың қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      13. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен аппараттың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Аппарат миссиясы: "Байқоңыр" ауданының аумағын дамыту мүдделері мен қажеттіліктерін үйлестіре отырып атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізу жөніндегі аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету.

      15. Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың, Астана қаласы әкімінің (бұдан әрі – қала әкімі) нормативтік құқықтық актілерімен және осы Ережемен белгіленген міндеттерді іске асыру:

      1) азаматтар мен заңды тұлғалардың "Байқоңыр" ауданының аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауға жәрдемдесу;

      2) "Астана қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесімен, Астана қаласының өкілді органы – Астана қаласының мәслихатымен (бұдан әрі – мәслихат), атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және астана тұрғындарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      3) қала әкімінің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындау, "Байқоңыр" ауданының аумағында орналасқан мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтерін жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) азаматтардың үндеулерін, өтініштерін, арыз-шағымдарын қарастыру және олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шара қолдану;

      2) бюджетке тиесілі салық және басқа да міндетті төлемдерді жинақтауға жәрдемдесу;

      3) әкімшісі аппарат болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және мәслихаттың бекітуі үшін Астана қаласының әкімдігіне енгізу;

      4) азаматтардың және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін орындауға жәрдемдесу;

      5) аппараттың құзыреті шегінде кәсіпкерлік қызметтің дамуына ықпал ету және жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;

      6) аппараттың құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру;

      8) тарихи және мәдени мұраны сақтау жұмыстарын ұйымдастыру;

      9) әлеуметтік қорғалмаған азаматтарды анықтау, жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғызбасты қарттарға және жұмысқа қабілетсіз азаматтарға үйлеріне барып қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

      10) "Байқоңыр" ауданы аумағындағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу;

      11) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл;

      12) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде мәслихат сессиясының жұмысына қатысу;

      13) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;

      14) аппараттың құзыреті шегінде сумен жабдықтау және су пайдалану мәселелерін реттеу;

      15) "Байқоңыр" ауданының аумағында абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру;

      16) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

      17) Астана қаласының коммуналдық меншігіндегі тарихи ескерткіштерді және мәдени мұраны тиісті бюджеттік бағдарламамен бекітілген қаражат шегінде ұстауды жүзеге асыру;

      18) спорт мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау және көмек көрсету, "Байқоңыр" ауданының аумағында бұқаралық демалу орындарында және азаматтардың тұрғылықты жерінде дене шынықтыру мен спортты дамытуға жағдай жасау, сондай-ақ аппараттың дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

      19) өз құзыреті шегінде жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушы-спортшыларға және спорт төрешілеріне біліктілік санаттарын және спортшыларға спорттық разрядтар беру;

      20) "Байқоңыр" ауданының аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға жәрдемдесу;

      21) кәсіби емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;

      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да функцияларды жүзеге асыру.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) соттарда талапкер және жауапкер болуға;

      2) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан аппаратқа жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалар мен басқа да ақпараттарды сұрату;

      3) аппараттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қала әкіміне ұсыныстарды енгізу;

      4) аппараттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Байқоңыр" аудандағы мемлекеттік органдармен, әлеуметтік қызметтермен, кәсіпорындармен, ұйымдармен және шаруашылық субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау;

      5) берілген құзыреті шегінде аудандық маңызы бар мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған міндеттерді орындау.

3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

      18. Аппаратқа басшылықты аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы әрекет жасауға дербес жауапты болатын аудан әкімі жүзеге асырады.

      19. Аудан әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіпте қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Аудан әкімінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді:

      1) мемлекеттік органдармен, түрлі меншік нысанындағы ұйымдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және азаматтармен азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасауға құқығы бар;

      2) нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер және әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы мәселелер бойынша өкімдер шығарады;

      3) аудан әкімінің өз құзыреті шегінде қабылдаған актілерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бүкіл аумағында міндетті күші болады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аппаратта гендерлік тепе-теңдікті жүзеге асырады.

      Аудан әкімі болмаған жағдайда, оның өкілеттігін орындау қала әкімі жүктеген аудан әкімі орынбасарларының бірі атқарады.

      22. Аудан әкімі өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

      23. Аппаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

4. Аппараттың мүлкі

      24. Аппараттың мүлкі мемлекеттік меншік болып табылады және оған жедел басқару құқығында тиесілі.

      Аппараттың мүлкi оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      25. Аппаратқа бекітілген мүлік Астана қаласының коммуналдық меншігіне жатады.

      26. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

О создании Государственного учреждения "Аппарат акима района "Байқоңыр" города Астаны"

Постановление акимата города Астаны от 15 марта 2018 года № 06-438

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", совместным постановлением акимата города Астаны от 26 февраля 2018 года № 06-354 и решением маслихата города Астаны от 27 февраля 2018 года № 235/28-VI "Об образовании района "Байқоңыр" в городе Астане – столице Республики Казахстан", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Создать Государственное учреждение "Аппарат акима района "Байқоңыр" города Астаны" (далее – учреждение).

      2. Утвердить Положение об учреждении согласно приложению.

      3. Государственному учреждению "Управление стратегического и бюджетного планирования города Астаны" предусмотреть финансирование учреждения в местном бюджете на соответствующий финансовый год.

      4. Руководителю Государственного учреждения "Аппарат акима города Астаны" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, направление копии настоящего постановления в печатном и электронном виде для официального опубликования в периодических печатных изданиях, а также в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан, и размещение на интернет-ресурсе акимата города Астаны.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя Государственного учреждения "Аппарат акима города Астаны" Джакенова Б.О.

      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Астаны А. Исекешев

  Приложение
к постановлению акимата
города Астаны
от 15 марта 2018 года № 06-438

Положение о Государственном учреждении "Аппарат акима района "Байқоңыр" города Астаны" 1. Общие положения

      1. Государственное учреждение "Аппарат акима района "Байқоңыр" города Астаны" (далее – аппарат) является государственным органом Республики Казахстан, осуществляющим руководство в сфере государственного управления на территории района "Байқоңыр" города Астаны (далее – район "Байқоңыр").

      2. Аппарат не имеет ведомств.

      3. Аппарат осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Аппарат является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      5. Аппарат вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      6. Аппарат имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      7. Аппарат по вопросам своей компетенции в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принимает решения, оформляемые распоряжением и решением акима района "Байқоңыр" (далее – аким района).

      8. Структура и лимит штатной численности аппарата утверждаются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      9. Местонахождение аппарата: Республика Казахстан, 010000, город Астана, улица Бейбітшілік, № 11

      10. Полное наименование аппарата – Государственное учреждение "Аппарат акима района "Байқоңыр" города Астаны".

      11. Настоящее Положение является учредительным документом аппарата.

      12. Финансирование деятельности аппарата осуществляется из республиканского и местного бюджетов.

      13. Аппарату запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями аппарата.

      Если аппарату законодательными актами Республики Казахстан предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

2. Миссия, основные задачи, функции, права и обязанности аппарата

      14. Миссия аппарата: обеспечение деятельности акима района по проведению общегосударственной политики исполнительной власти в сочетании с интересами и потребностями развития территории района "Байқоңыр".

      15. Задачи:

      реализация задач, определенных законодательными актами Республики Казахстан, нормативными правовыми актами местных исполнительных и представительных органов, акима города Астаны (далее – аким города) и настоящим Положением:

      1) содействие исполнению гражданами и юридическими лицами норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов на территории района "Байқоңыр";

      2) осуществление взаимодействия с Государственным учреждением "Аппарат акима города Астаны", представительным органом города Астаны – маслихатом города Астаны (далее – маслихат), исполнительными органами, средствами массовой информации, предприятиями, организациями и гражданами столицы;

      3) исполнение актов и поручений акима города, акима района, внесение предложений акиму города по совершенствованию деятельности учреждений, предприятий и организаций, расположенных на территории района "Байқоңыр";

      4) осуществление иных задач, определенных законодательством Республики Казахстан.

      16. Функции:

      1) рассмотрение обращений, заявлений, жалоб граждан и принятие мер по защите их прав и свобод;

      2) содействие сбору налогов и других обязательных платежей в бюджет;

      3) разработка и внесение в акимат города Астаны для утверждения маслихатом бюджетных программ, администратором которых является аппарат;

      4) содействие исполнению гражданами и юридическими лицами норм Конституции Республики Казахстан, законов, актов Президента и Правительства Республики Казахстан, нормативных правовых актов центральных и местных государственных органов;

      5) содействие развитию предпринимательской деятельности и осуществление регулирования земельных отношений в пределах компетенции аппарата;

      6) организация и обеспечение исполнения законодательства Республики Казахстан по вопросам воинской обязанности и воинской службы, гражданской обороны, мобилизационной подготовки и мобилизации, а также в сфере гражданской защиты в пределах компетенции аппарата;

      7) организация регистрации актов гражданского состояния в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      8) организация работы по сохранению исторического и культурного наследия;

      9) выявление социально незащищенных граждан, внесение в вышестоящие государственные органы предложений по обеспечению занятости, оказанию адресной социальной помощи, организация обслуживания одиноких престарелых и нетрудоспособных граждан на дому;

      10) содействие развитию социальной инфраструктуры территории района "Байқоңыр";

      11) взаимодействие с органами местного самоуправления;

      12) участие в работе сессий маслихата при утверждении (уточнении) местного бюджета;

      13) обеспечение деятельности организаций дошкольного воспитания и обучения;

      14) регулирование вопросов водопользования и водоснабжения в пределах компетенции аппарата;

      15) организация работы по благоустройству, освещению, озеленению и санитарной очистке территории района "Байқоңыр";

      16) организация погребения безродных и общественных работ по содержанию в надлежащем состоянии кладбищ и иных мест захоронения;

      17) осуществление содержания памятников истории и культурного наследия, находящихся в коммунальной собственности города Астаны, в пределах средств, установленных по соответствующей бюджетной программе;

      18) поддержка и оказание содействия в материально-техническом обеспечении учреждений спорта, создание условий для развития физической культуры и спорта по месту жительства граждан и в местах массового отдыха на территории района "Байқоңыр", а также организация аппаратом совместно с уполномоченным органом в области физической культуры и спорта и общественными объединениями инвалидов проведение оздоровительных и спортивных мероприятий среди инвалидов;

      19) в пределах своей компетенции присвоение тренерам, методистам, инструкторам-спортсменам и спортивным судьям квалификационных категорий и спортсменам спортивных разрядов;

      20) содействие повышению качества оказания государственных услуг на территории района "Байқоңыр";

      21) ведение реестра непрофессиональных медиаторов;

      22) осуществление иных задач, определенных законодательством Республики Казахстан.

      17. Права и обязанности:

      1) выступать в судах в качестве истца и ответчика;

      2) запрашивать от государственных органов, а также иных организаций документы, заключения, справочные и иные материалы, необходимые для осуществления функций, возложенных на пппарат;

      3) вносить предложения акиму города по вопросам, отнесенным к компетенции аппарата;

      4) взаимодействовать с государственными органами, социальными службами, предприятиями, организациями и хозяйствующими субъектами района "Байқоңыр" по вопросам, входящим в компетенцию аппарата;

      5) в пределах наделенной компетенции обеспечивать решение вопросов районного значения, исполнять обязанности, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Организация деятельности аппарата

      18. Руководство аппаратом осуществляется акимом района, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на аппарат задач и осуществление им своих функций, а также за противодействие коррупции.

      19. Аким района назначается на должность и освобождается от должности в порядке, определяемом Президентом Республики Казахстан.

      20. Аким района имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      21. Полномочия акима района определяются в соответствии с законодательством Республики Казахстан:

      1) имеет право вступать в гражданско-правовые отношения во взаимоотношениях с государственными органами, организациями различной формы собственности, органами местного самоуправления и гражданами;

      2) издает решения нормативно-правового характера и распоряжения по вопросам административно-распорядительного, оперативного и индивидуального характера;

      3) акты акима района, принятые в пределах компетенции, имеют обязательную силу на всей территории соответствующей административно-территориальной единицы;

      4) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке осуществляет реализацию гендерного равенства в аппарате.

      Исполнение полномочий акима района в период его отсутствия осуществляет один из заместителей, который исполняет обязанности, возложенные на него акимом города.

      22. Аким района определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      23. Аппарат возглавляется руководителем, назначаемым на должность и освобождаемым от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

4. Имущество аппарата

      24. Имущество аппарата является государственной собственностью и принадлежит ему на праве оперативного управления.

      Имущество аппарата формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      25. Имущество, закрепленное за аппаратом, относится к коммунальной собственности города Астаны.

      26. Аппарат не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством Республики Казахстан.

5. Реорганизация и упразднение аппарата

      27. Реорганизация и упразднение аппарата осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.