БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ережеде:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |