"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | А. Мырзахметов |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 236 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 26.07.2023 № 271 бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) жер ресурстарын басқару, суармалы егіншілік және агромелиорация саласындағы басшылықты жүзеге асырады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2023 № 387 бұйрығымен.2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы, қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
5. Комитет егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, №14 кіреберіс.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитет функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
13. Мақсаттары:
реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ жер ресурстарын басқару саласындағы стратегиялық функцияларды орындауға қатысу;
жер ресурстарының ұтымды және тиімді басқарылуын қамтамасыз ету.
14. Құқықтары мен міндеттері:
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты және материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде түсіндірмелер мен түсініктемелер беру;
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тарту;
құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүддесін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап арыздар беру;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ӘРПК) көзделген жағдайларда өз құзыреті шегінде әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға жәрдем көрсету;
ӘРПК-де белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушының құқықтарын іске асырудан бас тарту;
Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын, арыздары мен шағымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
жолданымдарды қабылдау және тіркеу, оларды және оларға қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдесу, формалды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік беру;
әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдау орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар ету;
ӘРПК-де көзделген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік рәсім бойынша шешім қабылдау алдында әкімшілік рәсімге қатысушыны тыңдау;
әкімшілік актіні ӘРПК-де белгіленген тәртіппен әкімшілік рәсімге қатысушының не оның өкілдерінің назарына жеткізу;
Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру;
Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті жылдарға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) жер заңнамасын қолдану іс-тәжірибесін қорытады және оны жетілдіреді;
3) жер қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
4) жер қатынастарын реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын әзірлейді;
6) жерлерді резервте қалдыру қағидаларын әзірлейді;
7) жер комиссиясы туралы үлгілік ережені әзірлейді;
8) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға алудың) үлгі шартын әзірлейді;
9) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлейді;
10) шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді;
11) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін – Қазақстан Республикасының азаматында, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасы мен оның үлестес тұлғаларында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін айқындау әдістемесін әзірлейді;
12) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының нысанын әзірлейді;
13) жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдаланудың (жалға берудің) үлгілік шартын әзірлейді;
14) жер учаскесін сатып алудың-сатудың үлгілік шартын әзірлейді;
15) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқаудың нысанын әзірлейді;
16) жерге орналастыру, мемлекеттiк жер кадастры және жер мониторингі жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер мен нормативтік құжаттарды, әдістемелерді әзірлейді;
17) әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын әзірлейді;
18) жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын әзірлейді;
19) шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын әзірлейді;
20) Қазақстан Республикасының табиғи азықтық алқаптарының ірі масштабты (1:1000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді;
21) жерлердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді;
22) жерлерге мониторинг жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлейді;
23) электрондық жер-кадастрлық карталарды жасау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді;
24) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді және бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесін жүргізу және пайдалану тәртібін әзірлейді;
25) цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау кезіндегі фотограмметриялық жұмыстар жөніндегі әдістемені әзірлейді;
26) жерге орналастыру, жерді мемлекеттік есепке алу және жер кадастры мақсаттары үшін 1:10 000, 1:25 000 және 1:50 000 масштабтарында цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау үшін аэрофотосуреттер шифрын ашу жөніндегі әдістеме мен шартты белгілерді әзірлейді;
27) электрондық топырақ карталарын жасау жөніндегі әдістемені әзірлейді;
28) топырақты бонитирлеуді жүргізу әдістемесін әзірлейді;
29) электрондық геоботаникалық карталар жасау жөніндегі әдістемені әзірлейді;
30) жер пайдалану құқығын иеліктен шығарған кезде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу қағидаларын әзірлейді;
31) жерлерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, республикалық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізеді;
32) орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен жер қатынастарын реттеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасайды;
33) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері паспортының нысанын әзірлейді;
34) өтініштің, келісуші мемлекеттік органдар және өзге де ұйымдар қорытындысының, жер учаскесін таңдау актісінің, жер учаскесін бөліп беру схемасының және жер-кадастрлық жоспардың нысандарын әзірлейді;
35) жер-кадастрлық құжаттаманың құрылымын, құрамын, мазмұнын және нысандарын әзірлейді;
36) жерлердің мониторингін жүргiзудi ұйымдастырады;
37) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi ұйымдастырады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жерлері балансының деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасы жерлерінің балансын ұйымдастырады;
38) өз құзыретіне кіретін жер учаскелерін беру және алып қою, оның ішінде мемлекет мұқтаждықтары үшін алып қою, жерді бір санаттан басқасына ауыстыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды;
39) жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
40) жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады;
41) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтары үшін жер учаскелерін беру және алып қою мәселелері жөніндегі ұсыныстарын келіседі;
42) жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;
43) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;
44) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді;
45) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын қоспағанда, жер учаскесіне меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына сәйкестендіру құжаттарының нысандарын әзірлейді;
46) мемлекеттік жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу тәртібін әзірлейді;
47) жасанды құрылысжайлар салу үшін аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін беру қағидаларын әзірлейді;
48) жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын әзірлейді;
49) жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді;
50) жер комиссиясының отырысы барысын тіркеуді қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау қағидаларын, сондай-ақ аудио, бейнежазбаға қол жеткізу тәртібін әзірлейді;
51) суармалы егiстiктi суарылмайтын алқап түрлерiне ауыстыру жөнiндегi материалдарды келiседі;
52) ауыл шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің шығасыларын өтеу нормативтерiн белгiлейдi;
53) жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді;
54) Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргізуді ұйымдастырады;
55) жерлерге мониторинг жүргізу және оның деректерін пайдалану тәртібін айқындайды;
56) жайылымдардың, оның ішінде аридтік жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу әдістемесін әзірлейді;
56-1) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жоспарларын әзірлеу әдістемесін әзірлейді;
56-2) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды әзірлейді;
56-3) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингтеу, ғылыми-зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
56-4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектісінде орналастырылатын бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына, тексеру парақтарына қатысты актілерді әзірлейді;
56-5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін тексерулерді жүргізу графиктерін және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып жүргізілетін профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін әзірлейді;
57) тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясаттың іске асырылуын жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті саланың мемлекеттік мүлкін басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
58) республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуына және республикалық мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
59) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
60) республикалық мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;
61) республикалық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;
62) республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
62-1) республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;
62-2) республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;
62-3) республикалық мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
63) Комитеттің және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз етеді, оны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынады, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындайды;
64) бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
65) мемлекеттік жер кадастрын және жерлерге мониторинг жүргізудің дұрыстығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
66) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 148-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мәселелер бойынша сотқа талап арыз дайындайды және береді;
67) мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан және игерілмеген не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерін анықтайды және алып қояды;
68) егер құрылыс, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектілерді пайдалану, геологиялық барлау және басқа да жұмыстар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер пайдаланудың белгіленген режимін бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе теріс қорытынды алған жобалар бойынша жүргізіліп жатса, онда оларды тоқтата тұрады;
68-1) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті мақсаттарда пайдаланылмайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасы бұзыла отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау тәртібін әзірлейді;
69) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
70) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
71) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
72) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етеді;
73) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі жолданымдарын қарайды;
74) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шаралар қабылдайды;
75) мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
76) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.08.2024 № 276 бұйрығымен.77) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.08.2024 № 276 бұйрығымен.
78) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат береді;
79) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.08.2024 № 276 бұйрығымен.80) алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.08.2024 № 276 бұйрығымен.
81) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сақтауын қамтамасыз етеді;
82) электрондық ақпараттық ресурстардың толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;
83) жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортының нысанын келіседі;
84) жер учаскесін бөліп беру схемасын келісу бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың үлгілік тізбесін бекітеді;
84-1) топырақты агрохимиялық зерттеп-қарауды жүргізу қағидаларын әзірлейді;
84-2) Қазақстан Республикасында суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйінің мониторингі мен оны бағалауды және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің мелиорациялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін мемлекеттік жүргізу қағидалары мен тәртібін әзірлейді;
84-3) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсетудің заттай нормаларын әзiрлейдi;
84-4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша:
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуге арналған заттай нормаларды;
суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдалану шығындарына арналған материалдар шығыстарының заттай нормаларын әзірлейді;
84-5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің агрохимиялық жай-күйі туралы ақпараттық деректер банкін құру және жүргізу қағидаларын әзірлейді;
84-6) мамандандырылған мемлекеттiк мекемелердiң суармалы жерлердiң мелиорациялық жай-күйiнің мониторингi мен оны бағалауды жүргiзуін ұйымдастырады;
84-7) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын әзірлейді;
84-8) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді әзірлейді;
84-9) орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүргізетін және (немесе) іске асыратын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілеуге қатысады;
84-10) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
84-11) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
84-12) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;
84-13) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асырады;
84-14) екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды, екінші санаттағы рұқсаттар беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;
84-15) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша ұйымдардың еңбек жөніндегі үлгілік нормалары мен нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
85) Жер кодексінде, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2023 № 387; 16.08.2024 № 276; 07.10.2024 № 344 бұйрықтарымен.3-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
16. Комитетке басшылық етуді Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.
17. Комитет басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Комитет басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Комитет басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының, аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының және басшылардың орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Комитет қызметкерлерінің, Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының басшылары мен басшылардың орынбасарларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысына Комитет төрағасының орынбасарларын лауазымға тағайындау туралы ұсыным енгізеді;
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
5) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің құрылымы мен ережелерін бекітеді, сондай-ақ Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің штаттық кестесін бекітеді;
6) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымының құрылымын бекітеді;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Комитеттің жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
8) Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
9) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысын және оның орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекеме үшін басшының және оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтердің лауазымдық айлықақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгілейді;
9-1) республикалық мемлекеттік мекеме басшысын және оның орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
10) өз құзыреті шегінде Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
11) Комитеттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, персоналды басқару қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды қадағалайды;
12) Комитет төрағасының орынбасарларын және аумақтық бөлімшелері басшыларын қоспағанда, Комитет жұмыскерлерінің, Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының және басшылары орынбасарларының, аумақтық бөлімшелері басшылары орынбасарларының тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
13) Комитет төрағасының орынбасарларын және аумақтық бөлімшелерінің басшыларын қоспағанда, Комитет жұмыскерлерін, Комитеттің аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
14) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Комитет жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, сондай-ақ нұсқаулар береді;
15) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
16) Комитеттің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;
17) Комитеттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның қызметінің нәтижесі туралы жыл сайынғы есепті әзірлейді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығына бекітуге ұсынады;
18) Комитеттің қаржыландыру жоспарының әзірленуін қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының басшысына бекітуге енгізеді;
19) Комитеттің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
20) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комитет басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам орындайды.
Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2023 № 387 бұйрығымен.20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің мүлкі
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін қайта ұйымдастыру және тарату
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2023 № 387 бұйрығымен.
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қызылорда гидрогеологиялық мелиоративтік экспедициясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің қарамағындағы аумақтық бөлiмшелердің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
3. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
4. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Атырау облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
5. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шығыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
6. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
7. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
8. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесіне.
9. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қостанай облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
11. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
12. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Павлодар облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
13. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Солтүстік Қазақстан облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
14. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
15. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
16. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Жетісу облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
17. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Ұлытау облысының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
18. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Алматы қаласының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
19. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Астана қаласының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
20. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Шымкент қаласының жер ресурстарын басқару департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.