Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.08.2019 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 шілдедегі № 420 және "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелерi туралы" 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 645 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 12 маусымдағы № 358 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті төрағасы орынбасарларының, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарларының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары";
3-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті аумақтық бөлімшесінің басшысы (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторы), С-О-1 санаты (17 бірлік), №№ 18-2-1, 18-3-1, 18-4-1, 18-5-1, 18-6-1, 18-7-1, 18-8-1, 18-9-1, 18-10-1, 18-11-1, 18-12-1, 18-13-1, 18-14-1, 18-15-1, 18-16-1, 18-17-1, 18-18-1";
4-кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті аумақтық бөлімшесі басшысының орынбасары (облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік фармацевтикалық инспекторының орынбасары) С-О-2 санаты (17 бірлік), №№ 18-2-2, 18-3-2, 18-4-2, 18-5-2, 18-6-2, 18-7-2, 18-8-2, 18-9-2, 18-10-2, 18-11-2, 18-12-2, 18-13-2, 18-14-2, 18-15-2, 18-16-2, 18-17-2, 18-18-2".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қабылданған күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық қабылданған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Б.Т. Төкежановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |