Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті туралы республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 30/НҚ бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 26 шiлдедегi № 177/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 26.07.2019 № 177/НҚ бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті туралы республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 1/HҚ бұйрығының ("Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 29 қарашада жарияланған);

      2) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 1/нқ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 92/нқ бұйрығының (2017 жылғы 17 тамызда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлiгiнiң Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы
М. Нұрғожин

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2019 жылғы 9 сәуірдегі
№ 30 бұйрығымен
бекiтілген

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) реттеушілік, іске асырушылық және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ Министрліктің ғарыш қызметі саласындағы стратегиялық функцияларын орындауға қатысушы ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында ашылатын шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы болуына құқығы бар.

      6. Комитет өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен төрағаның бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің келісімі бойынша Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

      8. Комитеттің орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 12-кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі. Комитеттің қысқартылған атауы - "Қазғарыш".

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттемелерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен түскен кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Міндеттері:

      1) ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу және іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;

      3) ғарыш технологиялары мен қызметтерінің нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;

      4) Қазақстан Республикасы ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын жасау;

      5) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік басқару және мемлекеттік бақылау;

      6) Ресей Федерациясының "Байқоңыр" кешенін жалға алуы бойынша жұмыстарды өз құзыреті шегінде үйлестіру.

      14. Функциялары:

      1) ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың өз құзыреті шегінде іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      2) ғарыш қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты өз құзыреті шегінде ұйымдастыру және ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруге қатысу;

      3) комитеттің құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында бекітілуі бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      5) ғарыш саласындағы Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      6) Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

      8) ғарыш қызметi саласындағы техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзiрлеуге қатысу;

      9) ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеу;

      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      11) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

      12) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес ғарыш саласындағы тексеру парақтарын әзірлеу;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      16) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде құзырет шегінде ұсыныстар енгізу;

      17) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді қоса алғанда, ғарыш қызметі саласындағы жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      18) ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;

      19) ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

      20) ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiн жүргiзу;

      21) халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалауды айқындау;

      22) ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін әзірлеу;

      23) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін әзірлеу;

      24) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласы тұрғындарының, лауазымды адамдардың, делегациялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, туристердің, қалаға жеке істері бойынша келетін азаматтардың - Қазақстан Республикасы азаматтарының және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының қарамағындағы "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiне кiруiне рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;

      25) Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiндегi объектiлердiң сақталуын және пайдаланылу шарттарын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;

      26) ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шегiнде iздестiру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысу;

      27) ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      28) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесi бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізу;

      29) Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмаларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      30) ғарышта орналасқан және қашықтықтан зондтаудың (ғарыш мониторингінің) бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

      31) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру;

      32) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу;

      33) "Байқоңыр" кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

      34) ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлеу;

      35) Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереженi әзiрлеу;

      36) 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыру;

      37) ғарышкерлерге үміткерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

      38) ғарыш қызметi саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелердi қабылдауды ұйымдастыру;

      39) ғарышкерлiкке кандидаттарды iрiктеу және ғарышкерлiкке кандидат, ғарышкер мәртебесiн беру тәртiбiн әзiрлеу;

      40) ғарышкерлiкке кандидатқа, ғарышкерге қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған жарақатының, мертiгуiнiң, ауруының салдарынан мүгедектiк белгiленген кезде, сондай-ақ ол қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу тәртiбiн әзiрлеу;

      41) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңiстiгiнде ғарыш жүйелерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерiн құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын әзiрлеу;

      42) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерiн ұсыну тәртiбiн әзiрлеу;

      43) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін әзірлеу;

      44) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін әзірлеу;

      45) пайдаланудан шығарылған ғарыш объектiлерi мен техникалық құралдарды кәдеге жаратудың тәртiбiн әзiрлеу;

      46) Қазақстан Республикасының аумағынан ғарыш объектілерін ұшыру, сондай-ақ оны одан тыс жерлерде ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда ұшыру туралы шешімдерді қабылдайды және келісу тәртібін әзірлеу;

      47) өнімнің экспортын, реэкспортын, импортын, транзитін және қайта өңделуін келісу бойынша экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары жұмысына өз құзыреті шегінде қатысу;

      48) рұқсаттық бақылауды құзырет шегінде жүзеге асыру;

      49) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      15. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;

      5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтiк-кеңесшi органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      6) өз құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тартады;

      7) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;

      9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер әзірлейді;

      10) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолданған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;

      11) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;

      12) бухгалтерлік есеп жүргізеді;

      13) Министрлікке бухгалтерлік және қаржылық есептілікті жасайды және ұсынады;

      14) Комитетке бөлінетін бюджетті қаражаттың толық, уақытылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      15) "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізеді;

      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асырады.

3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      16. Комитеттің басшылық етуді Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.

      17. Комитеттің төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;

      5) Комитеттің Заң басқармасына жетекшілік етеді;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан әрекет етеді;

      7) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және дербес жауапкершілікте болады;

      8) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешім қабылдайды;

      9) Комитет төрағасы Комитеттің құрылымдық және штат кестесі бойынша ұсыныстарды Министрліктің басшылығына ұсынады.

      Комитеттің төрағасы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Төраға өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген, мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Аэроғарыш комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi

      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар:

      1) Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      Акционерлік қоғамдар:

      1) "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;

      2) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;

      3) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      4) "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

      1) "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения Аэрокосмический комитет Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Приказ и.о. Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 9 апреля 2019 года № 30/НҚ. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 26 июля 2019 года № 177/НҚ

      Сноска. Утратил силу приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 26.07.2019 № 177/НҚ.

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 марта 2019 года № 142 "О некоторых вопросах Министерства информации и общественного развития Республики Казахстан и Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемое Положение республиканского государственного учреждения Аэрокосмический комитет Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 16 ноября 2016 года № 1/НҚ "Об утверждении Положения об Аэрокосмическом комитете Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан" (опубликован 29 ноября 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 22 мая 2017 года № 92/НҚ "О внесении изменения и дополнения в приказ Министра оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 16 ноября 2016 года № 1/НҚ "Об утверждении Положения об Аэрокосмическом комитете Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан" (опубликован 17 августа 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых Республики Казахстан).

      3. Аэрокосмическому комитету Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней со дня утверждения настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Принять иные меры вытекающие из настоящего приказа.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      6. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Исполняющий обязанности
Министра цифрового развития,
оборонной и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
М. Нургужин

  Утверждено
приказом исполняющего обязанности Министра
цифрового развития, оборонной и
аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 9 апреля 2019 года № 30/НҚ

Положение республиканского государственного учреждения Аэрокосмический комитет Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Республиканское государственное учреждение Аэрокосмический комитет Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан (далее – Комитет) является ведомством Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан (далее – Министерство), осуществляющим регулятивные, реализационные и контрольные функции, а также участвующим в выполнении стратегических функций Министерства в области космической деятельности.

      2. Комитет осуществляет свою деятельность в соответствии с Конституцией и законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      3. Комитет является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного учреждения, имеет печати и штампы со своим наименованием на государственном языке, бланки установленного образца, в соответствии с законодательством Республики Казахстан счета в органах казначейства.

      4. Комитет вступает в гражданско-правовые отношения от собственного имени.

      5. Комитет имеет право выступать стороной гражданско-правовых отношений от имени государства, если оно уполномочено на это в соответствии с законодательством.

      6. Комитет по вопросам своей компетенции в установленном законодательством порядке принимает решения, оформляемые приказами Председателя и другими актами, предусмотренными законодательством Республики Казахстан.

      7. Структура и лимит штатной численности Комитета утверждаются ответственным секретарем Министерства по согласованию с Министром цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      8. Местонахождение Комитета: Республика Казахстан 010000, город Нур-Султан, район Есиль, проспект Мәңгілік Ел, дом № 8, здание "Дом Министерств", 12 подъезд.

      9. Полное наименование Комитета – республиканское государственное учреждение "Аэрокосмический комитет Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан". Сокращенное наименование Комитета – "Казкосмос".

      10. Настоящее Положение является учредительным документом Комитета.

      11. Финансирование деятельности Комитета осуществляется из республиканского бюджета.

      12. Комитету запрещается вступать в договорные отношения с субъектами предпринимательства на предмет выполнения обязанностей, являющихся функциями Комитета.

      Если Комитету законодательными актами предоставлено право осуществлять приносящую доходы деятельность, то доходы, полученные от такой деятельности, направляются в доход государственного бюджета.

Глава 2. Основные задачи, функции, права и обязанности Комитета

      13. Задачи:

      1) участие в формировании и реализация государственной политики в области космической деятельности;

      2) формирование и развитие космической отрасли Республики Казахстан;

      3) создание условий для формирования рынка космических технологий и услуг;

      4) создание законодательной и договорно-правовой базы космической деятельности Республики Казахстан;

      5) государственное управление и государственный контроль в области космической деятельности;

      6) координация работ в пределах своей компетенции по аренде Российской Федерацией комплекса "Байконур".

      14. Функции:

      1) обеспечение в пределах своей компетенции реализации государственной политики в области космической деятельности;

      2) участие в осуществлении международного сотрудничества в области космической деятельности и представление интересов Республики Казахстан в международных организациях и иностранных государствах;

      3) осуществление регулятивных, реализационных и контрольных функций и участие в выполнении стратегических функций Министерства в пределах компетенции Комитета;

      4) утверждение нормативных правовых актов по вопросам, входящим в компетенцию Комитета, и при наличии прямой компетенции по их утверждению в приказах Министра, за исключением нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы человека и гражданина;

      5) составление протоколов, рассмотрение дел об административных правонарушениях и наложение административных взысканий в области космической деятельности в порядке, установленном Кодексом Республики Казахстан об административных правонарушениях;

      6) обеспечение соблюдения законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      7) осуществление лицензирования в сфере использования космического пространства;

      8) участие в разработке технических регламентов и национальных стандартов в области космической деятельности;

      9) разработка квалификационных требований, предъявляемых к деятельности в сфере использования космического пространства;

      10) осуществление по решению Правительства Республики Казахстан права владения и пользования государственным пакетом акций (долями участия в уставном капитале), а также функций уполномоченного органа по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении республиканских государственных предприятий и государственных учреждений;

      11) выполнение обязательств по международным договорам Республики Казахстан в области космической деятельности, заключаемым от имени Республики Казахстан;

      12) разработка стандартов и регламентов государственных услуг;

      13) разработка совместно с уполномоченным органом по предпринимательству проверочных листов в области космической деятельности в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан;

      14) предъявление в суды исков в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      15) осуществление противодействия терроризму в пределах установленной законодательством Республики Казахстан компетенции;

      16) в пределах компетенции внесение предложений по совершенствованию системы национальной безопасности;

      17) обеспечение реализации проектов и программ в области космической деятельности, включая проведение научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ;

      18) осуществление отраслевой экспертизы проектов в области космической деятельности;

      19) осуществление государственной регистрации космических объектов и прав на них;

      20) ведение регистра космических объектов;

      21) определение в соответствии с международными стандартами и законодательством Республики Казахстан маркировки космических объектов Республики Казахстан, запускаемых в космическое пространство;

      22) разработка методики расчета затрат на создание, эксплуатацию и развитие объектов космической инфраструктуры;

      23) разработка правил установления охранных зон объектов наземной космической инфраструктуры в Республике Казахстан по согласованию с заинтересованными государственными органами;

      24) принятие решения о допуске персонала космодрома, жителей города Байконыр, должностных лиц, делегаций, представителей средств массовой информации, туристов, лиц, прибывающих в город по частным делам, – граждан Республики Казахстан и граждан Российской Федерации на объекты комплекса "Байконур", находящиеся в ведении Республики Казахстан, в соответствии с законодательством Республики Казахстан;

      25) участие в осуществлении контроля за сохранностью и условиями эксплуатации объектов комплекса "Байконур", арендуемых Российской Федерацией;

      26) участие в пределах своей компетенции в организации поисковых, аварийно-спасательных работ, а также расследовании аварий при осуществлении космической деятельности;

      27) осуществление государственного контроля в области космической деятельности;

      28) внесение предложений в Министерство по перечню государственных заданий на производство космической техники, создаваемой для Республики Казахстан;

      29) обеспечение реализации государственных заданий на производство космической техники, создаваемой для Республики Казахстан;

      30) организация функционирования системы наблюдений за состоянием окружающей среды с использованием средств наблюдения космического базирования и дистанционного зондирования (космического мониторинга);

      31) осуществление совместно с уполномоченными органами в области использования и охраны водного фонда, водоснабжения, водоотведения, охраны окружающей среды, санитарно-эпидемиологического благополучия населения государственного мониторинга водных объектов;

      32) выработка совместно с уполномоченными органами в области использования и охраны водного фонда, водоснабжения, водоотведения, охраны окружающей среды, санитарно-эпидемиологического благополучия населения методики осуществления государственного мониторинга водных объектов;

      33) организация функционирования системы наблюдений за состоянием окружающей среды на территориях, подверженных влиянию ракетно-космической деятельности комплекса "Байконур";

      34) разработка порядка согласования и принятия решений о запусках космических объектов с территории Республики Казахстан, а также за ее пределами в случае их осуществления казахстанскими участниками космической деятельности;

      35) разработка положения об отряде космонавтов Республики Казахстан;

      36) осуществление координации работ по договору аренды комплекса "Байконур" между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации от 10 декабря 1994 года;

      37) организация и координация деятельности по подготовке, переподготовке и повышению квалификации кандидатов в космонавты, космонавтов, а также повышение квалификации и переподготовка кадров в области космической деятельности;

      38) разработка порядка приемки результатов по завершенным проектам в области космической деятельности;

      39) разработка порядка отбора кандидатов в космонавты и присвоения статуса кандидата в космонавты, космонавта;

      40) разработка порядка выплаты единовременной компенсации кандидату в космонавты, космонавту при установлении инвалидности, наступившей в результате травмы, увечья, заболевания, полученных при исполнении служебных обязанностей, а также в случае его гибели (смерти) в связи с исполнением служебных обязанностей;

      41) разработка правил создания и эксплуатации (применения) космических систем на территории Республики Казахстан, а также в космическом пространстве, правил создания и эксплуатации (применения) космических ракетных комплексов на территории Республики Казахстан;

      42) разработка порядка предоставления транспондеров космических аппаратов физическим и (или) юридическим лицам;

      43) разработка совместно с Министерством обороны Республики Казахстан порядка планирования космических съемок, получения, обработки и распространения данных дистанционного зондирования Земли из космоса национальным оператором космической системы дистанционного зондирования Земли;

      44) разработка совместно с Министерством обороны Республики Казахстан порядка организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации;

      45) разработка порядка утилизации космических объектов и технических средств, выведенных из эксплуатации;

      46) разработка, согласование и внесение в Правительство Республики Казахстан заключения по планам запусков космических аппаратов и/или испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур", осуществляемых Российской Федерацией и мониторинг их реализации;

      47) участие в работе государственных органов системы экспортного контроля по согласованию экспорта, реэкспорта, импорта, транзита и переработки продукции в пределах своей компетенции;

      48) осуществление разрешительного контроля в пределах компетенции.

      49) осуществляет иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      15. Права и обязанности:

      1) издает приказы в пределах своей компетенции;

      2) запрашивает и получает от структурных подразделений Министерства, государственных органов, организаций, их должностных лиц необходимую информацию и материалы;

      3) вносит предложения по совершенствованию законодательства Республики Казахстан;

      4) проводит совещания, семинары, конференции, круглые столы, конкурсы и иные мероприятия по вопросам, входящим в компетенцию Комитета;

      5) вносит предложения по созданию консультативно-совещательных органов (рабочих групп, комиссий, советов) по курируемым направлениям деятельности;

      6) привлекает соответствующих специалистов для участия в экспертизах по вопросам, отнесенным к своей компетенции;

      7) обеспечивает реализацию возложенных на Комитет задач и функций;

      8) соблюдает законодательство Республики Казахстан, права и охраняемые законом интересы физических и юридических лиц;

      9) готовит разъяснения по вопросам, входящим в компетенцию Комитета;

      10) представляет необходимые материалы и справки в пределах своей компетенции и в рамках законодательства в случае официального запроса об этом структурными подразделениями Министерства и государственными органами;

      11) обеспечивает сохранность государственной собственности, находящейся на балансе Комитета;

      12) ведет бухгалтерский учет;

      13) составляет и предоставляет бухгалтерскую и финансовую отчетность в Министерство;

      14) обеспечивает полное, своевременное и эффективное использование бюджетных средств, выделенных Комитету;

      15) проводит процедуры государственных закупок в соответствии с Законом Республики Казахстан от 4 декабря 2015 года "О государственных закупках";

      16) осуществляет иные права, предусмотренные действующим законодательством Республики Казахстан.

Глава 3. Организация деятельности Комитета

      16. Руководство Комитетом осуществляется Председателем, который несет персональную ответственность за выполнение возложенных на Комитет задач и осуществление им своих функций.

      17. Председатель Комитета назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Председатель Комитета имеет заместителей, которые назначаются на должности и освобождаются от должностей в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      19. Полномочия Председателя Комитета:

      1) назначает на должности и освобождает от должностей работников Комитета, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих государственных органов и должностных лиц;

      2) решает вопросы командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки (переподготовки), повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок и премирования, а также дисциплинарной ответственности работников Комитета, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих государственных органов и должностных лиц;

      3) в пределах своей компетенции издает приказы;

      4) утверждает положения о структурных подразделениях Комитета;

      5) курирует Юридическое управление Комитета;

      6) представляет интересы Комитета в государственных органах и иных организациях;

      7) принимает меры по противодействию коррупции в Комитете и несет за это персональную ответственность;

      8) принимает решения по вопросам, отнесенным к его компетенции.

      9) представляет руководству Министерства предложения по структуре и штатному расписанию Комитета.

      Исполнение полномочий Председателя Комитета в период его отсутствия осуществляется лицом, его замещающим в соответствии с действующим законодательством.

      20. Председатель определяет полномочия своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.

Глава 4. Имущество Комитета

      21. Комитет может иметь на праве оперативного управления обособленное имущество в случаях, предусмотренных законодательством.

      Имущество Комитета формируется за счет имущества, переданного ему собственником, а также имущества (включая денежные доходы), приобретенного в результате собственной деятельности и иных источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.

      22. Имущество, закрепленное за Комитетом, относится к республиканской собственности.

      23. Комитет не вправе самостоятельно отчуждать или иным способом распоряжаться закрепленным за ним имуществом и имуществом, приобретенным за счет средств, выданных ему по плану финансирования, если иное не установлено законодательством.

Глава 5. Реорганизация и упразднение Комитета

      24. Реорганизация и упразднение Комитета осуществляются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Перечень организаций, находящихся в ведении Комитета

      Республиканские государственные предприятия:

      1) Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Инфракос" Аэрокосмического комитета Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан;

      2) Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Научно-исследовательский центр "Ғарыш-Экология" Аэрокосмического комитета Министерства цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      Акционерные общества:

      1) акционерное общество "Совместное Казахстанско-Российское предприятие "Байтерек";

      2) акционерное общество "Республиканский центр космической связи";

      3) акционерное общество "Национальная компания "Қазақстан Ғарыш Сапары";

      4) акционерное общество "Национальный центр космических исследований и технологий".

      Товарищество с ограниченной ответственностью:

      1) товарищество с ограниченной ответственностью "Ғалам".