"Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 1/нқ бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 22 мамырдағы № 92/нқ бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 30/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 09.04.2019 № 30/НҚ бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы" келісімінің 10-бабының 3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы № 110-2159 қаулысына және Астана қаласы маслихатының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 66/11-VI шешіміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 1/НҚ 66/11-VI мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8, "Министрліктер үйі" ғимараты, 12-кіреберіс.";

      21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлiкпен толықтырылсын:

      "Қажет болған жағдайда, құрылымдық бөлімшеге жетекшілік ететін Төраға орынбасарының орналасқан жері Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңымен бекітілген "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы" келісімінің 10-бабы 3-тармағына сәйкес Байқоңыр қаласында орналасуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса отырып Астана қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
Б. Атамқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады