"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 699 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9877 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 8 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Жеңіс даңғылы, 11.";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 59-1), 59-2), 59-3), 59-4) және 59-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "59-1) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;

      59-2) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға беру бойынша шешім қабылдау;

      59-3) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару және күтіп ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асыру;

      59-4) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін жүктелген функцияларды орындауы үшін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган қамтамасыз ететін қажетті мүліктің тізбесін әзірлеу;

      59-5) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға берілетін активтерінің тізбесін әзірлеу;";

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Б.К. Тәшенов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 ноября 2014 года № 489 "Об утверждении Положения о Комитете государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан"

Приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 699.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 23 марта 2019 года № 6 "О переименовании города Астаны – столицы Республики Казахстан в город Нур-Султан – столицу Республики Казахстан" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 387 "О некоторых вопросах Министерства финансов Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 11 ноября 2014 года № 489 "Об утверждении Положения о Комитете государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9877, опубликован 8 декабря 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Комитете государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан, утвержденном указанным приказом:

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Юридический адрес Комитета: 010000, город Нур-Султан, проспект Жеңіс, 11.";

      пункт 14 дополнить подпунктами 59-1), 59-2), 59-3), 59-4) и 59-5) следующего содержания:

      "59-1) обеспечение территориальных подразделений центральных государственных органов, за исключением государственного материального резерва и имущества, находящегося в оперативном управлении, специальных государственных и правоохранительных органов, Вооруженных сил Республики Казахстан, других войск и воинских формирований имуществом, необходимым для выполнения возложенных функций;

      59-2) принятие решения по передаче в доверительное управление единому оператору в сфере учета государственного имущества активов территориальных подразделений уполномоченного органа по государственному имуществу;

      59-3) осуществление финансирования единого оператора в сфере учета государственного имущества для управления и содержания имущества территориальных подразделений уполномоченного органа по государственному имуществу;

      59-4) разработка перечня имущества, которым обеспечивает уполномоченный орган по государственному имуществу территориальные подразделения центральных государственных органов, за исключением государственного материального резерва и имущества, находящегося в оперативном управлении, специальных государственных и правоохранительных органов, Вооруженных Сил Республики Казахстан, других войск и воинских формирований, необходимого для выполнения возложенных функций;

      59-5) разработка перечня активов территориальных подразделений уполномоченного органа по государственному имуществу, передаваемых в доверительное управление единому оператору в сфере учета государственного имущества;";

      в Перечне государственных учреждений – территориальных органов Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан:

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Департамент государственного имущества и приватизации города Нур-Султана Комитета государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан.".

      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан (Ташенев Б.Х.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней со дня принятия настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его подписания.

      Первый заместитель
Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министр финансов
Республики Казахстан
А. Смаилов