БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Комитеттің Қазақстан Республикасы Үкіметі құрайтын және тарататын, мемлекеттік мекеме нысанында заңды тұлға болатын аумақтық органдары бар, оларға: облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері, аудан, қалалар және қалалардағы аудандар және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумақтарында басқармалар, сондай-ақ мамандандырылған мемелекеттік мекемелер жатады.";
45), 46) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"45) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағын жайластыруға, осындай аумақтың периметрін қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, оларға қойылатын талаптар тәртібін әзірлейді;
46) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, уәкілетті орган айқындаған тәртібін әзірлейді;
47) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына тауарларды әкелу туралы хабарламаны беру және еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан тауарларды әкетуге және порттық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа немесе логистикалық еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймаққа тауарларды әкелуге рұқсаттарды беру қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 47-1), 47-2), 47-3), 47-4), 47-5), 47-6), 47-7), 47-8) және 47-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"47-1) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында, оның ішінде тауарлардың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын көлік құралдарының тоқтауы;
47-2) тасымалдаушыдан немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуін жүзеге асыратын адамнан қажетті ақпаратты, сондай-ақ тасымалданатын тауарларға қатысты құжаттар мен мәліметтерді сұрату және алу;
47-3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес фактілер мен оқиғаларды құжаттандыру, бейне- және аудиожазба, кино- және фототүсірілім жасау;
47-4) нысанды киім үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін, оны киіп жүру тәртібін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында бақылауды жүзеге асыратын, нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлердің тізбесін әзірлеу;
47-5) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
47-6) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасына тұспа-тұс келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты тыйымдар мен шектеулердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру тәртібін әзірлеу;
47-7) камералдық бақылау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімнің нысанын және оны шығару мерзімін әзірлеу;
47-8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қосылған құн салығын есепке алу үшін ағымдағы шоттардың ашылғаны және жабылғаны туралы, сондай-ақ осындай шоттар бойынша ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді беру тәртібін және мерзімдерін әзірлеу;
47-9) сумен жабдықтау, су бұру, кәріз, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау (қоқысты жою), лифтілерге қызмет ету қызметтерін және (немесе) тасымалдар саласындағы қызметтерді көрсететін ұйымдардың үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін әзірлеу;";
48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"48) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін тауарларды сәйкестендіруді мемлекеттік кірістер органдарының жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді;";
мынадай мазмұндағы 48-1), 48-2), 48-3), 48-4), 48-5), 48-6), 48-7), 48-8) және 48-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"48-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша салық төлеушілердің – тіркеу есебінде дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам ретінде тұрған жеке тұлға, заңды тұлға, санаттары мен тізімін, екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы ағымдағы шотқа келіп түскен, күнтізбелік жыл үшін төлемдердің қорытынды сомалары жөнінде мәліметтер беру қағидаларын, нысанын және мерзімдерін әзірлеу;
48-2) пилоттық жоба қолданылатын салық төлеушілердің санатын, пилоттық жобалардың іске асырылуын (енгізілуін) жүзеге асыру салық төлеушілердің, салықтық және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ ұйымдардың, аумақтардың (учаскелердің) және (немесе) өңірлердің құқықтары мен міндеттерін, пилоттық жобаларды іске асыру (енгізу) қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу;
48-3) фискалдық деректер операторын тiзбеге (тізбеден) қосу (алып тастау) тәртібін, сондай-ақ фискальдық деректердің әлеуеттi операторына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша әзірлеу;
48-4) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін әзірлеу;
48-5) электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот-фактуралар жазып берілетін тауарлар тізбесін интернет-ресурсында орналастыру;
48-6) іргелес жатқан шет мемлекеттің аумағынан әкелінетін шетелдік тауарлардан халықаралық пошта жөнелтілімдерінің партияларын қалыптастыруға, қалыптастырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерін "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 291-бабының 7-1-тармағына сәйкес өзінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағынан әкету кезінде Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды ресімдеуге байланысты әкелінген шетелдік тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібін кеден саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлеу;
48-7) камералдық кедендік тексеруді жүргізудің басталғаны туралы хабардар ету қағидалары мен нысанын бекіту;
48-8) камералдық кедендік тексеруді жүргізу барысында тексерілетін тұлғаға жіберілетін 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 426-бабында көзделген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну бойынша талаптың нысанын әзірлеу;
48-9) тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптарды тауарларды таңбалау мен қадағалау саласындағы үйлестіруші органымен әзірлеу және келісу;";
мынадай мазмұндағы 49-1), 49-2), 49-3), 49-4), 49-5), 49-6) және 49-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"49-1) бекітілген тәртіптерге сәйкес тауарлардың таңбалауы мен қадағалауын құзыреті шегінде жүзеге асыру;
49-2) тауарларды таңбалау мен қадағалау тәртібін әзірлеу;
49-3) таңбалау мен қадағалауды жүргізудің орындылығына талдау жүргізе отырып тауарлардың жекелеген түрлеріне таңбалау мен қадағалау бойынша пилоттық жобаның қорытындысы бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға таңбалау мен қадағалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізу туралы ұсыныстарды таңбалау мен қадағалау саласындағы үйлестіруші мемлекеттік органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша енгізу;
49-4) таңбалау мен қадағалауға жататын тауарларға реттеушілік әсерін талдауды жүргізу;
49-5) таңбалау мен қадағалауға жататын тауарлардың айналым қатысушыларының тізілімін жүргізу;
49-6) өз құзыреті шегінде таңбалау мен қадағалауға жататын тауарлардың айналымына, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен өзара саудада мониторингті жүзеге асыру;
49-7) тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін есептеу;";
50), 51) және 52) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"50) мемлекеттік кірістер органының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймағының аумағынан еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай әкетуге рұқсатты беру қағидаларын әзірлеу;
51) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ қатысушысының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге қатысушысына беруіне рұқсат беру жағдайларын әзірлеу;
52) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ қатысушысының еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардан дайындалған (алынған) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқықтарын еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтамай, осы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың өзге қатысушысына беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 52-1) тармақшамен толықтырылсын:
"52-1) арнайы экономикалық аймақтардың басқарушы компанияларының және әлеуетті қатысушыларының басым қызмет түрлерінің тізбесінде көзделмеген немесе арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сәйкес келмейтін қызмет түрлерін осындай тізбеге қосу туралы өтініштерін қарауды жүзеге асыратын арнайы комиссияның жұмысына қатысу;";
55), 56), 57), 58), 59), 60), 61) және 62) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"55) еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың қатысушысы болып табылатын тұлға таратылған (қызметі тоқтатылған) кезде еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің қолданылуын аяқтау қағидаларын әзірлеу;
56) кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағының бөліктері болып табылатын шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидаларын әзірлеу;
57) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағын, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктерін әзірлеу;
58) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
59) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың аумағына әкелу кезінде еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастыруға жатпайтын тауарлардың тізбесі мен санаттарын әзірлеу;
60) тауарларды еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес тұтыну, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ қатысушысының Еуразиялық экономикалық одақтың тауарларын жеке тұлғаларға өткізуі, осындай тауарларды өткізу еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақта қызметті жүзеге асыру туралы шартқа сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ қатысушысының негізгі кәсіпкерлік қызметі болып табылатын жағдайларды қоспағанда, еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ қатысушысының шетелдік тауарларды жеке тұлғаларға өткізуі жағдайларында еркін кеден аймағы кедендік рәсімін аяқтау кезінде есептілікті ұсыну қағидаларын әзірлеу;
61) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ қатысушысы болып табылмайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағына қою және (немесе) пайдалану үшін еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлардың декларанттары ретінде әрекет ете алатын жағдайларын әзірлеу;
62) шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақ аумағында кедендік бақылау мақсаты үшін тауарларды өткізу кезінде ақпараттық жүйені пайдалана отырып, тауарларды есепке алу жүйесіне қойылатын талаптар және оны қолдану тәртібін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 182-1) тармақшамен толықтырылсын:
"182-1) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру және жұмыс істеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;";
құқықтарында:
мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:
"41-1) салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және жетілдіру мақсатында салықтық әкімшілендірудің өзге де тәртібін көздейтін пилоттық жобалардың іске асырылуын (енгізілуін) және салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауын жүзеге асыру;";
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелердің тізбесі деген 1-бөлімде:
218, 219, 220, 221, 222 және 223-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"218. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.
219. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алматы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
220. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
221. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есiл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.
222. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетінiң Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Астана - жаңа қала" Мемлекеттік кірістер басқармасы.
223. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттік кірістер комитетінiң Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Байқоңыр" ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың он жетінші және жиырма үшінші абзацтарын қоспағанда, оған қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Ә. Смайылов |