Ескерту. Күші жойылды – ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті Төрағасының м.а. 26.10.2023 № 1-НҚ бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 175 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықтың 1, 2, 3 ,4 ,5 ,6 , 7, 8 қосымшаларында:
мынадай мазмұндағы 1 – бөлімнің 5-1 – тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Инспекция өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілермен инспекцияға кiрiстер әкелетін қызметтi жүзеге acыpу құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледi.".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасына заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төрағаның м.а | М. Бейсенов |