"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) дене шынықтыру және спорт саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) ведомствосы болып табылады.";
13-тармақтың 1) және 2)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;";
1) және 2)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) дене шынықтыру және спорт салаларда нормативтік құқықтық акті-лерді, келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
2) дене шынықтыру және спорт салалардағы нормативтік құқықтық актілерге заңнамада белгіленген тәртіппен құқықтық мониторинг жүргізу;";
8), 9), 10), 11), 12), 34)-тармақшалары алып тасталсын;
35)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"35) Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;".
2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 2 наурыздағы № 52 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді іске асыратын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.";
13-тармақтың 1) және 2)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) туристік қызмет саласындағы, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) туристік қызмет, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;";
1), 2), 3), 4)-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) туристік қызмет саласындағы, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) Комитетпен реттелетін салалардағы нормативтік-құқықтық актілерді және құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу;
3) Комитетпен реттелетін салаларда халықаралық шарттарды әзірлеу және орындау, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және халықаралық іс-шараларда мемлекеттің Комитет құзыретіне жататын мәселелер бойынша мүдделерін білдіру және олардың жұмысына қатысу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Комитет реттейтін салалардағы нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүзеге асыру;";
9)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) Комитетпен реттелетін салалардағы Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану тәжірибесін жинақтау және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;";
16)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"16) Комитетпен реттелетін салаларда Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2), 20-3), 20-4), 20-5), 20-6) тармақшаларымен толықтырылсын:
"20-1) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңнамасына сәйкес ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;
20-2) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру;
20-3) өзі айқындайтын тәртіппен ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы - болмауы тұрғысына талдауды жүзеге асыру;
20-4) тотализаторлар мен букмекер кеңселері кассаларының тізілімін жүргізеді;
20-5) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізу;
20-6) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақталуын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;".
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері, Туризм индустриясы комитеттері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) бір ай мерзімде құқықтық актілерге тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтамасыз етсін;
2) бір ай мерзімде осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде:
1) осы бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде осы бұйрықтың көшірмелерін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
7. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізілген және осы бұйрықтың 3-тармағы орындалған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |