Қостанай облысы әкімдігінің мекемелері мен ұйымдарында 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қостанай облысының әкімдігімен өзара іс-қимыл тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 181 және Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 3 бірлескен бұйрығы мен қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1049 қаулысымен бекітілген Ұлттық санақтарды жүргізу қағидасы мен мерзімдерінің 7-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-52) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті БҰЙЫРАДЫ және Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы әкімдігінің мекемелерінде, ұйымдарында 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қостанай облысының әкімдігімен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрық және қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      2) осы бірлескен бұйрық және қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық және қаулыны орындау үшін олардың қатыстылығы бөлігінде лауазымды адамдарға жеткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық және қаулының орындалуын бақылау қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына және Қостанай облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық және қаулы тараптардың соңғысы қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

Статистика комитетінің төрағасы

_____________ Н. Айдапкелов


Қостанай облысының әкімі

________ А. Мұхамбетов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті төрағасының
2019 жылғы 23 желтоқсан
№181 бірлескен бұйрығымен
және
Қостанай облысы әкімінің
2019 жылғы 12 желтоқсан
№ 3 қаулысымен
бекітілді

Қостанай облысы әкімдігінің мекемелерінде және ұйымдарында 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қостанай облысының әкімдігімен өзара іс-қимыл тәртібі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы 2020 жылғы 1- 30 қазан аралығындағы кезеңде өткізу мерзімдері (бұдан әрі – халық санағы) және 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілді.

      2. Халық санағын өткізу кезіндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 22 тамыздағы № 208 бұйрығымен 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешуге арналған арнайы комиссияға жүктелген, оның құрамына Қостанай облысы әкімдігінен Қостанай облысы әкімінің орынбасары (келісім бойынша) енгізілген.

      3. Жоспарға және "2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған санақ парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2019 жылғы 7 қазандағы № 11 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) сәйкес халық санағына үй шаруашылығының құрамына кіретін, елімізде тұрақты тұратын барлық респонденттер (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар), соның ішінде адам саудасының құрбандарын оңалту орталықтарында; әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында; балалар үйінде; дарынды балаларға арналған мектеп–интернаттарда; спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатарда; жетім балаларға арналған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда; мүгедектерге және (немесе) мүгедек балаларға арналған оңалту орталықтарында; стационарлық көмек көрсететін ұйымдарда; сәбилер үйінде; белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталықтарында (соның ішінде түнде болу бөлімшелері мен мобильді әлеуметтік патруль қызметтері); тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарында; туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда; психоневрологиялық ұйымдарда; наркологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда; халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы медициналық ұйымдарда және Қостанай облысы әкімдігінің басқа мекемелері мен ұйымдарында (бұдан әрі – мекемелер мен ұйымдар) тұратын және (немесе) келген респонденттер, уақытша жоқ адамдар мен уақытша тұратындарды және (немесе) келгендерді (бұдан әрі – респондент) қоса жатады.

      Халық санағын өткізу кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 2020 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған 00:00 сағат сәтіндегі жағдай бойынша жүзеге асырылады.

      Халық санағы ақпаратты жинаудың екі әдісін пайдаланумен өткізіледі:

      1) Интервьюерлердің респонденттерге 2020 жылғы 1-30 қазан аралығында планшетті пайдалана отырып электрондық санақ парақтарын толтыруы арқылы сауал салуы;

      2) Халық санағының басталуымен біруақытта 2020 жылғы 1-15 қазан аралығында алғашқы 15 (он бес) күнтізбелік күн халық санағы Интернет желісі арқылы www.sanaq.gov.kz. мамандандырылған сайтында онлайн режимде өткізіледі.

      4. Мекемелер мен ұйымдарда халық санағын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспардың 2-тармағына сәйкес құрылған 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссияның басшылығымен (бұдан әрі – Комиссия) өткізіледі.

2-тарау. Қостанай облысы әкімдігінің мекемелері мен ұйымдарында халық санағын өткізу тәртібі

1-бөлім. Жауапты қызметкерлер

      5. Мекемелер мен ұйымдарда халық санағын тиісті мекеме мен ұйымдардың басшыларының бұйрығымен тағайындалатын халық санағын өткізу бойынша жауапты қызметкерлер (бұдан әрі – жауапты қызметкерлер) өткізеді.

      6. Жауапты қызметкерлер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Қостанай облысының Статистика департаменті (бұдан әрі – Департамент) өткізетін оқыту семинарларында халық санағын өткізуге қатысты барлық мәселелер бойынша оқытудан өтеді.

      7. Жауапты қызметкерлер үй-жайлармен және Интернетке шығатын компьютерлермен қамтамасыз етіледі.

2-бөлім. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету және санақ құралы

      8. Департамент 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған электронды санақ парақтарымен (бұдан әрі – санақ парақтары) бірге соққыға төзімді қорғаныс қабы, алдын ала орнатылған қауіпсіздік әйнегі, зарядтау құрылғысы, USB шнуры, стилус, портативті зарядтау құрылғысы (USB шнуры бар жиынтықта Powerbank) бар жиынтықта планшеттерді (бұдан әрі – планшет) жауапты қызметкерлерге қабылдау-беру актісі бойынша тапсырады, олар Департаментке халық санағы аяқталғаннан кейін қайтарылады. Сонымен қатар қағаз жеткізгіштерде халық санағын өткізуге қажетті санақ құралдарын (бұдан әрі – санақ құралы) тапсырады:

      1) 2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу кезінде санақ персоналына арналған санақ парақтарын толтыру жөніндегі түсіндірмелер;

      2) халық санағынан өту туралы анықтамалар.

3-бөлім. Халық санағын өткізу кезеңдері

      9. Мекемелер мен ұйымдарда халық санағы 2 кезеңге бөлінеді:

      1) бірінші кезеңде 2020 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша санақтан өтуге жататын респонденттердің тізімі жасалады және Департаментке жіберіледі.

      2) екінші кезеңде санақтан өтуге жататын респонденттерге сауал салу және планшеттерде немесе "sanaq.gov.kz" сайтында Интернет желісі арқылы онлайн режимде бірінші кезеңде жасалған тізімдерге сәйкес электронды санақ парақтарын толтыру жүргізіледі.

      Респондентке сауал салу мүмкін болмаған жағдайда, жауапты қызметкерлер санақ парақтарын толтыруға мәліметті мекеменің және ұйымның әкімшілігінен алады.

      Интернет желісі арқылы онлайн режимде санақтан өту кезінде санақтан өтуге жататын респонденттер www.sanaq.gov.kz сайтында өз бетінше немесе жауапты қызметкерлердің көмегімен тіркеуден өтеді. Тіркеуден және авторландырудан сәтті өткеннен кейін электронды санақ парақтары толтырылады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде Халық санағы деректерінің базасына түседі.

      Планшетте VPN-каналы бар болған жағдайда деректерді жөнелту туралы белгісімен (синхрондау күні мен уақыты) Халық санағы деректерінің базасына бөлінген қорғалған байланыс каналы бойынша алынған деректерді жібереді.

      Қашықтыққа немесе орындарда ұялы байланыс желісінің қолжетімділік нүктесінің болмауына байланысты планшеттен деректерді жүктеу мүмкін болмаған жағдайда, деректер USB шнур арқылы Департамент қызметкерінің электронды жеткізгішіне түсіріледі.

Об утверждении Порядка взаимодействия Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан с акиматом Костанайской области при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году в учреждениях и организациях акимата Костанайской области

Совместные приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 23 декабря 2019 года № 181 и постановление акимата Костанайской области от 12 декабря 2019 года № 3

      В соответствии с подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 2) пункта 7 Правил и сроков проведения национальных переписей, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2010 года № 1049, подпунктом 266-52) пункта 17 Положения о Министерстве национальной экономики Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2014 года № 1011, а также пунктом 3 Плана мероприятий по проведению национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2019 года № 419, Комитет по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЕТ и акимат Костанайской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый порядок взаимодействия Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан с акиматом Костанайской области при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году в учреждениях, организациях акимата Костанайской области.

      2. Комитету по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) размещение настоящего совместного приказа и постановления на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      2) направление настоящего совместного приказа и постановления на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) настоящий совместный приказ и постановление довести для исполнения до должностных лиц в части, их касающейся.

      3. Контроль за исполнением настоящего совместного приказа и постановления возложить на курирующих соответствующее направление деятельности заместителя Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан и заместителя акима Костанайской области.

      4. Настоящий совместный приказ и постановление вводится в действие со дня его подписания последним из сторон.

Председатель Комитета по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
__________Н. Айдапкелов

Аким Костанайской области
________ А. Мухамбетов

  Утвержден
совместным приказом
Председателя Комитета по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
от 23 декабря 2019 года № 181
  и постановлением акимата
Костанайской области
от 12 декабря 2019 года № 3

Порядок взаимодействия Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан с акиматом Костанайской области при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году в учреждениях и организациях акимата Костанайской области

Глава 1. Общие положения

      1. Постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2019 года № 419 "О проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году" утверждены сроки проведения национальной переписи населения Республики Казахстан в период с 1 по 30 октября 2020 года (далее – перепись населения) и План мероприятий по проведению национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году (далее – План).

      2. Координация деятельности центральных и местных исполнительных органов при проведении переписи населения приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 августа 2019 года № 208 возложена на специальную комиссию для решения организационных и инструктивных вопросов, связанных с подготовкой и проведением национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году, в состав которой от акимата Костанайской области включен заместитель акима Костанайской области (по согласованию).

      3. В соответствии с Планом, а также приказом Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 7 октября 2019 года № 11 "Об утверждении переписных листов для проведения национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году" (далее – приказ) переписи населения подлежат все постоянно проживающие в стране респонденты, входящие в состав домашнего хозяйства (граждане Республики Казахстан, иностранные граждане, лица без гражданства), в том числе респонденты, проживающие и (или) пребывающие в центрах реабилитации жертв торговли людьми; центрах социального обслуживания; детских домах; школах-интернатах для одаренных детей; школах-интернатах для одаренных в спорте детей; школах-интернатах для детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей; реабилитационных центрах для инвалидов и (или) детей-инвалидов; организациях, оказывающих стационарную помощь; домах ребенка; центрах социальной адаптации для лиц, не имеющих определенного места жительства (в том числе, отделения ночного пребывания и мобильные службы социального патруля); кризисных центрах для жертв бытового насилия; в специализированных противотуберкулезных организациях; в психоневрологических организациях; в медицинских организациях, оказывающих наркологическую помощь; медицинских организациях в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения и других учреждениях и организациях акимата Костанайской области (далее – учреждения и организации), включая временно отсутствующих и временно проживающих и (или) пребывающих (далее – респондент).

      Учет населения при проведении переписи населения осуществляется по состоянию на момент 00:00 часов по времени города Нур-Султана с 30 сентября на 1 октября 2020 года.

      Перепись населения проводится с использованием двух методов сбора информации:

      1) опрос респондентов интервьюерами путем заполнения электронных переписных листов с использованием планшета с 1 по 30 октября 2020 года;

      2) одновременно с началом переписи населения первые 15 (пятнадцать) календарных дней с 1 по 15 октября 2020 года перепись населения проводится в онлайн режиме посредством сети Интернет на специализированном сайте www.sanaq.gov.kz.

      4. Мероприятия по организации и проведению переписи населения в учреждениях и организациях проводятся под руководством региональных комиссий по содействию в проведении национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году (далее – Комиссия), созданных согласно пункту 2 Плана.

Глава 2. Порядок проведения переписи населения в учреждениях и организациях акимата Костанайской области

Раздел 1. Ответственные сотрудники

      5. Перепись населения в учреждениях и организациях проводится ответственными сотрудниками по проведению переписи населения (далее – ответственные сотрудники), назначаемыми приказом руководителя соответствующего учреждения и организации.

      6. Ответственные сотрудники проходят обучение по всем вопросам, касающимся проведения переписи населения, на обучающих семинарах, проводимых Департаментом статистики Костанайской области Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее – Департамент).

      7. Ответственные сотрудники обеспечиваются помещениями и компьютерами с выходом в Интернет.

Раздел 2. Материально-техническое обеспечение и переписной инструментарий

      8. Департамент передает ответственным сотрудникам по акту приема-передачи планшеты в комплекте с защитным ударопрочным чехлом, предустановленным защитным стеклом, зарядным устройством, USB шнуром, стилусом, портативным зарядным устройством (Powerbank в комплекте с USB шнуром) (далее – планшеты) с электронными переписными листами для проведения национальной переписи населения Республики Казахстан в 2020 году (далее – переписные листы), которые возвращаются Департаменту по окончанию переписи населения. А также передается переписной инструментарий, необходимый для проведения переписи населения на бумажных носителях (далее – переписной инструментарий):

      1) пояснения по заполнению переписных листов для переписного персонала при проведении национальной переписи населения Республики Казахстан 2020 года;

      2) справки о прохождении переписи населения.

Раздел 3. Этапы проведения переписи населения

      9. Перепись населения в учреждениях и организациях делится на 2 этапа:

      1) на первом этапе составляются списки респондентов, подлежащих переписи, по состоянию на 1 июня 2020 года и передаются в Департамент;

      2) на втором этапе проводится опрос респондентов, подлежащих переписи, и заполнение электронных переписных листов согласно спискам, составленным на первом этапе, на планшетах или в онлайн режиме посредством сети Интернет на сайте "sanaq.gov.kz".

      В случае отсутствия возможности опроса респондента, ответственные сотрудники получают сведения для заполнения переписных листов в администрации учреждений и организаций.

      При прохождении переписи в онлайн режиме посредством сети Интернет респонденты, подлежащие переписи, проходят регистрацию на сайте www.sanaq.gov.kz самостоятельно либо с помощью ответственных сотрудников. После успешной регистрации и авторизации заполняются электронные переписные листы. Заполненные переписные листы автоматически попадают в Базу данных переписи населения.

      При наличии VPN-канала на планшете полученные данные передаются по выделенному защищенному каналу связи в Базу данных переписи населения, с отметкой об отправке данных (дата и время синхронизации).

      При невозможности выгрузки полученных данных с планшета в силу отдаленности или отсутствия на местах точки доступа мобильной сети, данные выгружаются посредством USB шнура на электронный носитель сотрудника Департамента.