"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 157 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық органдарының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9795 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

      14-тармақта:

      функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді;";

      мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) ядролық қондырғылардың, радиациялық көздердің, радиоактивті материалдарды сақтау пункттерінің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін, ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, радиоактивті қалдықтарды бірыңғай мемлекеттік есепке алу және бақылау жүйелерін бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады, өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы жай-күйінің мониторингін ұйымдастыруға қатысады;";

      37) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      мынадай мазмұндағы 41-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "41-1) құзыреті шегінде стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын қарауды, сондай-ақ стандарттау саласындағы уәкілетті органға енгізу үшін ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, оларға өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;";

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдар тізілімін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырады;";

      54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) радиациялық қауiпсiздiктi бағалауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 54-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "54-1) радиациялық қауiпсiздiктi бағалау нәтижелерiн талдайды және бекiтедi;";

      мынадай мазмұндағы 70) тармақшаның реттік саны: "70) атом станциясының әкімшілігі бекіткен жөндеу мерзімдерін ауыстыруды және атом станциясының жүйелерін, жабдығын және құбырларын пайдалану бойынша жұмыс көлемдерін азайтуды келіседі;" 71) деген реттік санмен ауыстырылсын;

      71) тармақшаның реттік саны 72) деген реттік санмен ауыстырылсын;

      97) тармақша алып тасталсын.

      19-тармақта:

      Төрағаның өкілеттіктерінде:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) Комитеттің құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді ұйымдастырады;".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментіне хабарлауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Н. Ноғаев

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан" и его территориальных органов"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 23 апреля 2020 года № 157

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 7 октября 2014 года № 42 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан" и его территориальных органов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 9795, опубликован 20 октября 2014 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения и дополнения:

      в Положении государственного учреждения "Комитет атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан", утвержденном указанным приказом:

      в пункте 14:

      в функциях:

      дополнить подпунктом 2-1) следующего содержания:

      "2-1) разрабатывает подзаконные нормативные правовые акты, определяющие порядок оказания государственных услуг;";

      подпункт 22) изложить в следующей редакции:

      "22) направляет государственному органу, осуществляющему руководство в соответствующих сферах естественных монополий, информацию о несоответствии деятельности субъекта естественной монополии, оказывающего услугу по передаче электрической энергии, требованиям пункта 6 статьи 13-1 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике";";

      дополнить подпунктом 26-1) следующего содержания:

      "26-1) осуществляет контроль и надзор за состоянием антитеррористической защищенности ядерных установок, радиационных источников, пунктов хранения радиоактивных материалов, за системами единого государственного учета и контроля ядерных материалов, радиоактивных веществ, радиоактивных отходов, участвует в организации мониторинга состояния антитеррористической защищенности производственных объектов;";

      подпункт 37) изложить в следующей редакции:

      "37) осуществляет анализ и сверку полученной информации о наличии, перемещении и местонахождении источников ионизирующего излучения и вносит ее в реестр источников ионизирующего излучения;";

      дополнить подпунктом 41-1) следующего содержания:

      "41-1) осуществляет рассмотрение проектов документов по стандартизации в пределах компетенции, а также подготовку предложений по разработке, внесению изменений, пересмотру и отмене национальных, межгосударственных стандартов, национальных классификаторов технико-экономической информации и рекомендаций по стандартизации для внесения в уполномоченный орган в сфере стандартизации;";

      подпункт 47) изложить в следующей редакции:

      "47) размещает на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан реестр аккредитованных организаций, осуществляющих экспертизу ядерной, радиационной и ядерной физической безопасности;";

      подпункт 54) изложить в следующей редакции:

      "54) осуществляет оценку радиационной безопасности;";

      дополнить подпунктом 54-1) следующего содержания:

      "54-1) анализирует и утверждает результаты оценки радиационной безопасности;";

      в подпункты 70) и 71) вносятся изменения в порядковые номера на государственном языке, порядковые номера на русском языке не изменяются;

      подпункт 97) исключить;

      в пункте 19:

      в Полномочия Председателя:

      подпункт 13) изложить в следующей редакции:

      "13) организует разработку подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг в пределах компетенции Комитета;".

      2. Комитету атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) в течение десяти календарных дней со дня подписания настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) в месячный срок со дня подписания приказа извещение Департамента юстиции города Нур-Султан с приложением копии приказа;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсах Министерства энергетики Республики Казахстан и Комитета атомного и энергетического надзора и контроля Министерства энергетики Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
Н. Ногаев