Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының 30.12.2022 № 668-қа (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 282 Жарлығының 7-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы Ережесінің 18-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі 2031 әскери бөлім командирі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдарында тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Заңнамалық және құқықтық ақпараттар институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын;
4) "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2031 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесіне қосылу кезінде өз қызметін тоқтатқан заңды тұлғалардың Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінен алынып тасталуын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі "Солтүстік" Өңірлік басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 030140001809;
"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2039 "А" әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бизнес-сәйкестендіру нөмірі 080440024263.
4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы бұйрықпен Шекара қызметінің мүдделі тұлғаларының тиісті бөлігі таныстырылсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры генерал-майор |
Д. Ділманов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 247-қа бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының күші жойылды деп танылуға тиіс кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2031 әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 560-қа бұйрығы.
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "2039 "А" әскери бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 561-қа бұйрығы.
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі "Солтүстік" Өңірлік басқармасы" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 566-қа бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 247-қа бұйрығымен бекітілді |
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Шекара қызметінің департаменті) Мемлекеттік шекараның тұтастығын және қол сұғылмаушылығын қамтамасыз ету, шекаралық кеңістікте заңдылық пен белгіленген тәртіпті шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) қорғауды және күзетуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери басқарудың жедел органы және аумақтық бөлімшесі болып табылады.
2. Шекара қызметінің департаменті өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының бұйрықтарын, осы ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Шекара қызметінің департаменті республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде нақты және шартты атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Шекара қызметінің департаменті азаматтық-құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түседі.
5. Шекара қызметінің департаменті егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Шекара қызметінің департаменті өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Шекара қызметінің департаменті бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Шекара қызметі департаментінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Дзержински көшесі 61/1 үй, индексі 110000.
9. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Шекара қызметі департаментінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Шекара қызметі департаментінің қаржыландыруы қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Шекара қызметінің департаментіне кәсіпкерлік субъектілерімен Шекара қызметі департаментінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Шекара қызметінің департаментіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Шекара қызметі департаментінің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Қостанай облысы шегінде Шекара қызметі департаментінің негізгі міндеттері:
1) Мемлекеттік шекара туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан және үкіметаралық келісімдерден туындайтын міндеттемелерді орындау;
2) Мемлекеттік шекараның өтуін өзгертуге жол бермеу, сондай-ақ Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пункттеріндегі режимді бұзушылықтардың алғышарттарын, белгілері мен фактілерін анықтау және олардың жолын кесу жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Мемлекеттік шекараны қорғау бойынша іс-шараларды орындау үшін уәкілетті органдардың, ұйымдар мен азаматтардың күштері мен құралдарын тарту;
4) Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігі міндеттерін шешуге қатысу;
5) Мемлекеттік шекарада Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға қатысу;
6) шекаралық кеңістікте және Мемлекеттік шекара арқылы барлау-нұқсан келтіру сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді табу, алдын алу мен жолын кесу;
7) Мемлекеттік шекара режимін және өткізу пункттеріндегі режимді қамтамасыз ету;
8) шекаралық аймақта белгіленген режимдердің сақталуын дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауды жүзеге асыру;
9) шекаралық кеңістікте азаматтарды, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауда, Қазақстан Республикасы көші-қон заңнамасын сақтауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау, табиғатты қорғау органдарына жәрдем көрсету;
10) құрылымдық бөлімшелердің материалдық-техникалық жабдықталуын ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес айқындалған өзге де міндеттер болып табылады.
14. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және өзінің құзіреті шегінде Шекара қызметінің департаменті Қостанай облысында төмендегідей функцияларды жүзеге асырады:
1) Мемлекеттік шекара туралы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан және үкіметаралық келісімдерінен туындайтын міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етеді;
2) шекара саясатын іске асырады;
3) әр түрлі жауынгерлік және жедел-қызметтік әзірлікке өтуге Шекара қызметі департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің тұрақты әзірлігін қамтамасыз етеді;
4) жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті ұйымдастырады;
5) құрылымдық бөлімшелердегі жауынгерлік даярлық сапасын жоғарылатуды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар өткізеді;
6) мамандар дәрежесін береді, төмендетеді немесе растайды;
7) Мемлекеттік шекараны күзетуге мамандарды даярлау және қолдану әдістерін жетілдіру жөніндегі жұмыстарға қатысады;
8) белгіленген тәртіпте мемлекеттік басқару органдарымен және шаруашылық субъектілерімен өзара әрекеттесуді жүзеге асырады;
9) Шекара қызметі департаментінің құрылымдық бөлімшелеріне басшылық жасауды жүзеге асырады және қызметінің үйлесімділігін қамтамасыз етеді, оларға тәжірибелік және әдістемелік жәрдем көрсетеді;
10) Мемлекеттік шекарада тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды әзірлеу мен орындауға қатысады;
11) белгіленген тәртіпте ұйымдастырулық-штат бойынша ұсыныстар енгізеді;
12) Шекара қызметі департаментінің жедел-қызметтік және жауынгерлік іс-қимылында тәрбиелік, идеологиялық (патриоттық) және кадрлық жұмыстарды жүзеге асырады;
13) әскери тәртіпті, құқықтық тәртіпті нығайту, құқықбұзушылықтан, сақтандыру, әскери ұжымды біріктіру, әскери қызмет шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
14) Шекара қызметі департаментінің кадрлар құрамына әлеуметтік-құқықтық жұмыстарды ұйымдастырады және әскери қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік және құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;
15) кадрларды орналастыруды және әскери атақ беруді жүзеге асырады, номенклатураға сәйкес лауазымға тағайындау және әскери атақ беру жөніндегі ұсынысты қарастыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директорына енгізеді;
16) Шекара қызметінің департаментін жеке құраммен жабдықтауды және жұмысшыларды қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді;
17) болашақты жоспарлау және Шекара қызметі департаментінің пәтерге орналастыруларын қосқанда жауынгерлік, техникалық, тылдық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық, медициналық және басқа да қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес қажеттілікті жоспарлауды жүзеге асырады;
19) бюджеттік қаражатты мақсатты пайдалануды қамтамасыз етеді;
20) Шекара қызметі департаменті және оның құрылымдық бөлімшелері объектілерінің өртке қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлейді және қабылдайды;
21) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделеген өзге де функцияларды орындайды.
15. Құқықтары мен міндеттері.
Шекара қызметінің департаменті өзінің құзіреттілігі шегінде:
1) Мемлекеттік шекараның өтуін өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумағын иемденуге кез-келген әрекеттердің жолын кесуге;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарымен бірлесіп Мемлекеттік шекараны күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі жыл сайынғы өкімді әзірлеуге;
3) Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел қамтамасыз ету мақсатына жету үшін жағдай жасауға, қолдауға және өркендетуге;
4) шекара саясаты саласында және Мемлекеттік шекараны күзетуді жедел қамтамасыз етуде қарсыбарлау, барлау, жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдауға;
6) өзінің құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының қорғанысы бойынша міндеттерді шешуге, сондай-ақ төтенше немесе әскери жағдайлар режимін қамтамасыз етуге қатысуға;
7) Қазақстан Республикасының аумағына қарумен басып кіруге тойтарыс беруге, Мемлекеттік шекарада қарумен жасалатын және өзге де арандатушылықтардың жолын кесуге, халықты, мемлекеттік және жеке меншікті аталған қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғауға;
8) адамдардың және көлік құралдарының белгіленген өткізу пункттерінен немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардан тыс жерде Мемлекеттік шекараны кесіп өту, сондай-ақ өткізу пункттерінде немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда заңсыз кесіп өту әрекеттерінің алдын алуға және жолын кесуге, Мемлекеттік шекараны бұзушыларды және шекаралық кеңістікте өзге де құқық бұзушыларды анықтауға және ұстауға;
9) тиісінше ресімделген құжаттар болған кезде және белгіленген бақылау түрлерінен өткен кезде адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;
10) қамтамасыз сақтауын:
Мемлекеттік шекараны режимін сұрақтарға қатысты:
Мемлекеттік шекараны күту;
Мемлекеттік шекара өтуін;
Мемлекеттік шекара өтуін арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу;
шекаралық белдеуге кіру, онда уақытша болу, тұру, жүріп-тұру және шекаралық белдеудің үстінен ұшуды жүзеге асыру;
шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды жүргізу;
шекарадағы тосын оқиғаларды шешу;
өткізу пункттерінде режимінің сұрақтарға қатысты:
өткізу пункттеріне кіру, онда уақытша болу, жүріп-тұру және шығу, олардың шінде адамдарды, көлік құралдарын, кіргізу, болу, ауыстыру, жүктер мен тауарларды шығару тәртібі;
шекара режим сұрақтарға қатысты:
шекаралық аймаққа кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың немесе орын ауыстырудың, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің тәртібі;
11) шекаралық режимнің сақталуын дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп бақылауға, шекаралық аймаққа кіретін орындарда бақылау бекеттерінің қызметін ұйымдастыруға;
12) өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың профилактикасын жүзеге асыруға;
13) Мемлекеттiк шекара арқылы жүретін адамдардың Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретiн құжаттарын тексеруге, оларға тиiстi белгiлер соғуға, мұндай құжаттарды уақытша алып қоюға, сондай-ақ жарамсыз құжаттарды алып қоюға;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ айыппұл салу туралы сот шешімдерін және уәкілетті органдардың қаулыларын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде орындамаған шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың кіруін шектеуге;
15) шетелде немесе Қазақстан Республикасында болған кезеңде жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен өзге де адамдардың жеке басы анықталғанға дейiн оларды өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда қалдыра отырып, өткізбеуге;
16) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес адамдарды ұстауды және жеке тексеріп қарауды жүзеге асыруға;
17) шекаралық кеңістікте белгіленген режимдерді бұзуға жол берген көлік құралдарын тоқтатуға, қарап тексеруге және ұстауға, құқық бұзушылық мән-жайларын анықтау үшін оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі бөлімшелерінің қарауына жеткізуге (айдауылмен жеткізуге);
18) Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін жарылғыш, уландырғыш, радиоактивті, есірткі заттарды, қаруды, оқ-дәрілерді, өзге де жүктер мен тауарларды, сондай-ақ контрабандалық жолмен өткізілетін жүктер мен тауарларды белгіленген тәртіппен дербес немесе уәкілетті органдармен бірлесіп ұстауға және алып қоюға;
19) шекаралық кеңістікте азаматтарды, табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғауда Қазақстан Республикасының құқық қорғау және табиғат қорғау органдарына жәрдем көрсетуге;
20) шекаралық кеңістікте байланыс және коммуникациялар желісін сақтауды қамтамасыз етуге;
21) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамасына сәйкес Шекара қызметінің қарауына жатқызылған әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша хаттамалар жасауға және іс жүргізуге;
22) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес Шекара қызметінің қарауына жатқызылған істер бойынша анықтау жүргізуге;
23) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Шекара қызметінің департаменті жүктелген міндеттерді шешу және функцияларды орындау үшін заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) қажетті инженерлік-техникалық құралдарды, құрылыстар мен бөгеуіштерді өндіруді, салуды және орнатуды жүзеге асыруға;
2) Мемлекеттік шекараны межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге, шектес мемлекеттермен Мемлекеттік шекара режимін белгілеу мақсатында қажетті құжаттар мен материалдарды әзірлеуге қатысуға;
3) халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде шет мемлекеттердің шекаралық органдарымен Мемлекеттік шекараны қорғауда өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;
4) шектес мемлекеттердiң шекара өкiлдерiмен Мемлекеттік шекара режимін ұстап-тұру, шекарадағы тосын оқиғаларды реттеу, ақпарат алмасу мәселелерi бойынша хат-хабар алмасуды жүргiзу, "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен шекара мәселелерi жөнінде келiссөздер жүргiзу үшiн өзара уағдаластық бойынша шектес мемлекеттердiң өкiлдерiн Қазақстан Республикасының аумағына шақыруға және шектес мемлекеттердiң аумағына өтуге. Департамент бастығы Қазақстан Республикасының Қостанай шекаралық аумағы бойынша өкiлi болып табылады;
5) өздерінің күштерін және Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын немесе Мемлекеттік шекараны қорғау мүддесін қозғайтын қызметті жүзеге асырушы уәкілетті адамдармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға;
6) өзінің құзіреті шегінде мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, ұйымдарға шекаралық кеңістікте құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік қызметі Шекара қызметінің іс-әрекетіне кедергі келтіретін себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұсынуларды енгізуге;
7) кез келген жергілікті жер учаскелерінде, оның ішінде ерекше қорғалатын аумақтарда және табиғат қорғау аймақтарында болуға (шекаралық нарядтарды орналастыруға), сондай-ақ қызметтік міндеттерді атқару кезінде олар арқылы жүріп-тұруға, жер учаскелерінің меншік иелерінен (жалға алушылардан) шекаралық нарядтардың жүріп-тұруына арналған орындарды бөлуді, қоршалымдар арқылы өтетін немесе өзге де кедергілер арқылы өтетін жерлерді жабдықтауды және тиісті түрде күтіп-ұстауды талап етуге;
8) Шекара қызметі департаментінің және оның құрылымдық бөлімшелерінің жауаптылық белдеуінде байланыс және коммуникация желілерін пайдалануға, техника мен қару-жарақты орналастыруға және пайдалануға;
9) міндеттерді орындау үшін уәкілетті органдардан, ұйымдардан және қоғамдық бірлестіктерден қажетті ақпаратты сұратуға және өтеусіз алуға;
10) Мемлекеттік шекараны қорғау саласындағы міндеттерді шешуге азаматтарды ерікті жасақтар құрамында, Шекара қызметінің штаттан тыс қызметкерлері ретінде және өзге де нысандарда ерікті негізде тартуға, Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде көзге түскен азаматтарды көтермелеуге және қойылатын талаптарға сай келетін адамдарды әскери арнаулы оқу орындарына түсу үшін ұсыным жасауға;
11) Қазақстан Республикасының халқына құқықтық тәрбие беруге қатысуға, шекаралық кеңістікте құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шараларды жүргізуге, құқық бұзушылықтар, құқық бұзушыларды іздестіру туралы халықты хабарландыру үшін және өзге де мақсаттарда бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануға;
12) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, қызметтік жануарларды және дене күшін қолдануға;
13) шекаралық кеңістікте жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар туралы мәлімдемелерді немесе хабарламаларды қарауға, оларды тіркеуге және олар бойынша тиісті шаралар қолдануға;
14) Мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін мамандандырылған есепке алуды және ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға;
15) Мемлекеттік шекараны қорғау және күзету саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижедерін енгізуді қамтамасыз етуге;
16) Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын әскери қызметшілердің киім нысаны мен жарақтарды айқындауға;
17) мемлекеттік бақылау органдарымен бірлесіп, Мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды белгіленген тәртіппен жете қарауды жүзеге асыруға;
18) көлік құралдарымен ілесіп жүруге және оларда шекаралық нарядтарды орналастыруға;
19) құқық бұзушылардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларына, ұйымдардың аумақтары мен үй-жайларына кедергісіз (қажет болғанда жабатын құрылғыларды істен шығара отырып) тәуліктің кез келген уақытында кіруге, сондай-ақ (жиырма төрт сағат ішінде тиісті прокурорды кейіннен хабардар ете отырып) оларды қарап тексеруге;
20) шекаралық іздеулер мен операцияларды, өзге де іздестіру іс-әрекеттерін жүргізу кезінде бақылау бекеттерін өз бетінше орнатуға, адамдар мен көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, азаматтарды жергілікті жердің жекелеген учаскелеріне жібермеуге, адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында олардың сонда қалуын немесе осы учаскелерді тастап шығуын міндеттеуге;
21) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қатер төнген кезде Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы және өзге де уәкілетті органдарын хабардар ете отырып, қорғаныс мақсатындағы жұмыстарды, халықаралық міндеттемелерді орындау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде туындаған салдарларды жоюға байланысты жұмыстарды қоспағанда, шекаралық белдеуде әртүрлі жұмыстарды жүргізуді уақытша шектеуге;
22) қызметтік мақсаттарда байланыс құралдарын, ал Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кіруге тойтарыс берген, Мемлекеттік шекарадағы заңсыз жаппай өтуге және өзге де арандатуларға кедергі келтірген, іздестіру іс-шараларын жүргізген, құқық бұзушылықтарды жасады деп күдік келтірілген адамдарды жеткізген кезде, ұйымдардың көлік құралдарын, ал қажет болған жағдайларда - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен иелерінің талаптары бойынша кейіннен оларға шығындарды не келтірілген залалды өтей отырып, азаматтардың көлік құралдарын пайдалануға;
23) азаматтардан Мемлекеттік шекарада белгіленген тәртіпті сақтауды, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің іс-әрекетіне кедергі келтіретін құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, бұл талаптарды орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тиісті шараларды қолдануға;
24) шекаралық кеңістікте белгіленген режимді бұзушыларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әкімшілік ұстауға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларында ұстауға;
25) Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес әкімшілік ұстауға алынған адамдарды тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторларында және ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда орналастыруға;
26) шекаралық кеңістікте белгіленген режимдерді бұзудың өздеріне белгілі болған мән-жайлары туралы түсініктемелер алу мақсатында адамдарды аумақтық бөлімшелерге шақыруға;
27) өткізу пункттерінің балансында тұрған инженерлік-техникалық құрылыстарды, бөгеуіштерді, коммуникацияларды күтіп-ұстауды жүзеге асыруға, сондай-ақ пайдаланылатын жабдықтың пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз етуге;
28) мемлекеттік кіріс органдары жоқ өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты немесе қолмен тексеру режимінде радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
29) құрамында радиоактивті заттар бар инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің пайдаланылуын ұйымдастыруды, сондай-ақ құрамында радиоактивті заттар бар немесе иондаушы сәуле өндірілетін радиоактивті заттармен, аспаптармен немесе аппаратурамен жұмыс істеген кезде ұлттық қауіпсіздік органдарында радиациялық қауіпсіздікті бақылауды жүзеге асыруға;
30) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген өзге де уәкілеттікті жүзеге асыруға құқығы бар.
3-тарау. Шекара қызметі департаментінің қызметін ұйымдастыру
16. Шекара қызметі департаментінің қызметіне басшылық жасауды Шекара қызметінің департаментіне жүктелген міндеттер мен олардың өздерінің функцияларын жүзеге асыруды орындау үшін дербес жауапкершілігі бар Шекара қызметі Департаментінің бастығы жүзеге асырады;
17. Шекара қызметі департаментінің бастығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
18. Шекара қызметі департаменті бастығының Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік - құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
19. Шекара қызметі департаменті бастығының өкілеттілігі:
1) Шекара қызметі департаментінің барлық жеке құрамының орындаулары үшін міндетті белгіленген тәртіпте бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
2) Шекара қызметі департаментінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекіту;
3) Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту;
4) Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен сондай-ақ шет мемлекеттердің органдарымен өзара қарым-қатынаста болу және Шекара қызметі департаментін ұсыну, Шекара қызметі департаментінің мүддесіндегі сенімхаттар, сот және өзге де мемлекеттік органдармен келісім - шарт, келісімдерге қол қою;
5) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес Мемлекеттік шекарада, шекаралық кеңістікте немесе шекаралық белдеуде жүзеге асырылатын әрекеттерге шектеу қою немесе тоқтата тұру туралы шешім қабылдау;
6) Шекара қызметі департаментінің құрылымдық бөлімшелерін құру, тарату, қайта орналастыру және қайта құру, сондай-ақ оның құрылымы мен штаты жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директорына ұсыныс әзірлеу;
7) өзінің құзіреті шегінде Шекара қызметінің департаментіне әскери қызметшілерді әскери қызметке қабылдау және әскери қызметтен шығару, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату;
8) Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен жұмысшыларын белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жазаларды беру, сондай-ақ номенклатураға сәйкес кезекті әскери атақ беруді шешу;
9) Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен жұмысшыларына, белгіленген тәртіппен әскери шендерді беруге, сондай-ақ Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысқан адамдарды ведомоствалық наградаға ұсынуға үміткерлер жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директорына ұсыныс енгізу;
10) Шекара қызметі департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің жедел-қызметтік, жауынгерлік және өзге де қызметін тексеруді ұйымдастыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Шекара қызметі департаменті бастығының өкілеттігін ол болмаған кезде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оны ауыстыратын адам орындайды.
20. Шекара қызметі департаментінің бастығы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттігін айқындайды.
4-тарау. Шекара қызметі департаментінің мүлкі
21. Шекара қызметінің департаменті заңнамаларда көзделген жағдайда сәйкес жедел басқару құқығында оқшауланған мүліктерге ие болуы мүмкін.
22. Шекара қызметі департаментінің мүліктері оған меншік иесі арқылы берілген мүліктерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған жеке қызметі және өзге де дереккөздер арқылы сатып алынған мүліктерден (ақшалай кірістерді қосқанда) құралады.
Шекара қызметінің департаментіне бекітілген мүліктер республикалық меншікке жатады.
23. Шекара қызметінің департаменті өзіне бекітілген мүліктерді және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленбесе өзгедей басқа тәсілмен иемденуге құқығы жоқ.
5-тарау. Шекара қызметінің департаментін қайта құру және тарату
24. Шекара қызметінің департаментін қайта құру мен ыдырату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Шекара қызметінің департаменті әскери басқарудың тактикалық органдары болып табылатын басқармалардан, шекара бөлімдерінен (бөлімшелерден), шекаралық бақылау бөлімдерінен (бөлімшелерден), арнайы мақсаттағы мобильді іс - қимыл жасайтын топтардан, бөлімдерден (бөлімшелерден), катерлерден және өзге де бөлімшелерден тұрады.