Ерейментау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 мамырдағы № 6С-24/4-18 "Ерейментау ауданы бойынша Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 7С-8/3-21 шешімі

      Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданы бойынша Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 мамырдағы № 6С-24/4-18 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6654 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданы бойынша Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Ерейментау ауданы бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі:

      бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі ауылдық округ әкімі аппаратының шешімдерін келісу;

      бюджеттің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдеріне кандидат ретінде тіркеу үшін Ерейментау аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін аудан әкімінің ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау;

      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелері.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Заңның 39-3-бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген, жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей хабардар етілетін жағдайды қоспағанда, жиналыстың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың мүшелеріне және әкімге жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында ұсынады.".

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жиналыс өз өкілеттігі шеңберінде шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілік даусымен шешімдер қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда жиналыстың төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетілген тізім;

      4) жиналыс төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттамада Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімі қамтылған жағдайларды қоспағанда, екі жұмыс күні ішінде Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдеріне беріледі.

      Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы шешімі бар жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасына жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және бес жұмыс күні ішінде Ерейментау аудандық мәслихатының қарауына беріледі.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдер жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтіндігін білдіруге құқылы, бұл Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен осындай келіспеушілік тудырған мәселелерді қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Ерейментау қаласы, ауылдар және ауылдық округтер әкімдері келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім Ерейментау аудандық мәслихатының отырысында алдын ала талқылаудан соң шешеді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы М. Әбжіков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ерейментау ауданының әкімі А. Әлжанов

      "19" шілде 2021 жыл

О внесении изменений в решение Ерейментауского районного маслихата от 15 мая 2018 года № 6С-24/4-18 "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества по Ерейментаускому району"

Решение Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 19 июля 2021 года № 7С-8/3-21

      Ерейментауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Ерейментауского районного маслихата "Об утверждении Регламента собрания местного сообщества по Ерейментаускому району" от 15 мая 2018 года № 6С-24/4-18 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6654) следующие изменения:

      в регламенте собрания местного сообщества по Ерейментаускому району, утвержденном указанным решением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящий Регламент собрания местного сообщества по Ерейментаускому району (далее – Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон), приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15630);

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения:

      обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета города Ерейментау, сел и сельских округов и отчета об исполнении бюджета;

      согласование решений аппарата акима города Ерейментау, сел и сельских округов по управлению коммунальной собственностью города Ерейментау, сел и сельских округов (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета города Ерейментау, сел и сельских округов;

      согласование отчуждения коммунального имущества города Ерейментау, сел и сельских округов;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, затрагивающих права и свободы граждан;

      согласование представленных акимом района кандидатур на должность акима города Ерейментау, сел и сельских округов для дальнейшего внесения в Ерейментаускую районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидата в акимы города Ерейментау, сел и сельских округов;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акимов города Ерейментау, сел и сельских округов;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами, за исключением случая, предусмотренного подпунктом 4-3) пункта 3 статьи 39-3 Закона, согласно которому о времени, месте созыва собрания местного сообщества члены собрания местного сообщества оповещаются не позднее чем за три календарных дня до дня его проведения.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде или в форме электронного документа.".

      пункты 12 и 13 изложить в следующей редакции:

      "12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней передается акимам города Ерейментау, сел и сельских округов, за исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акимов города Ерейментау, сел и сельских округов.

      Протокол собрания местного сообщества с решением об инициировании вопроса о прекращении полномочий акимов города Ерейментау, сел и сельских округов подписывается председателем и секретарем собрания и в течение пяти рабочих дней передается на рассмотрение в Ерейментауский районный маслихат.

      13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимами города Ерейментау, сел и сельских округов в срок не более пяти рабочих дней.

      Акимы вправе выразить несогласие с решением собрания местного сообщества, которое разрешается путем повторного обсуждения вопросов, вызвавших такое несогласие в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего Регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акимов города Ерейментау, сел и сельских округов, вопрос разрешается вышестоящим акимом после его предварительного обсуждения на заседании Ерейментауского районного маслихата".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Секретарь Ерейментауского районного маслихата М. Абжиков

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Ерейментауского района А. Альжанов

      "19" июля 2021 года